Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы
Құрметті ата-аналар! Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылып отырған көркем ойдың әлемдік деңгейдегі тұлғаларының бірі ұлы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына балаларыңыздың белсенді қатысуына қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
⠀
Абай сөзі еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың қаз басып, буынының бекуіне, озық ойлы интеллигент болып қалыптасуына септігін тигізері анық.
⠀
Құрметті оқушылар, қазақтың классикалық ой әлемінің шыңы атанған ұлы хәкім Абайдың өлеңін мәнерлеп оқуға бар күш-жігерімізді аямайық.
⠀
Байқауға 5-10-сынып оқушылары қатыса алады;
⠀
5-6-сынып оқушылары өздерінің видеоларын abaeva_a70@mail.ru электронды почтасына жолдау қажет.
⠀
7-8-сынып оқушылары өздерінің видеоларын maira610@mail.ru электронды почтасына жолдау қажет.
⠀
9-10-сынып оқушылары өздерінің видеоларын okpina@bk.ru электронды почтасына жолдау қажет.
⠀
Марапаттау:
Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар /ұялы бірліктер/ беріледі.