«Үздік панорамалық сабақ» атты сайыс
30 сәуір күні гимназиямыздың ұстаздар қауымы арасында «Үздік панорамалық сабақ» атты сайыс өтті.
⠀
«Ұстаз ойшыл болмай, шәкірт ұшқыр болмайды» демекші, ұстаздарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, білім мазмұнын меңгертудегі белсенді әдістерінің тиіміділігі мен артықшылықтарын атап көрсетті.
⠀
Сондай-ақ ұстаздарымыз жаңашылдық пен ізденімпаздық қасиеттерін танытып, өз сабақтарында пайдаланатын әдіс-тәсілдерін фрагменттермен дәлелдеп қорғады.
⠀
Айта кетелік, бұл жолғы сайыс ережесі бойынша қатысушыларымызға әріптестеріміз қазылық етті. Яғни, интерактивті режимде дауыс беру арқылы жүлдегерлер анықталды.
⠀
Сайыс қорытындысы бойынша:
⠀
III орын математика пәні мұғалімі Ханапия Бақытгүл.
⠀
II орын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Касыбаева Майра Бағдатовна.
⠀
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайрат Айсана Қайратқызы«Үздік панорамалық сабақ - 2021» жеңімпазы атанды.
⠀
Жеңімпаздар мен қатысушыларға ақшалай сыйлық, мектебіміздің брендтік өнімдерінің жиынтығы табысталды.