Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы

     Наурыз айының 24-29 аралығында Ақтау қаласында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасы болып өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық оқушы қатынасты. Павлодар облысынан  облыстық пән олимпиадасының 35 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Оның  ішінде  23 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан көрінді. Жалпы командалық есепте Павлодар облысы  І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2017» атанды.

Толығырақ

Облыстық пән олимпиадасы

     2017 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 55-ші облыстық пән олимпиадасы өткізілді.

     Облыстық пән олимпиадасына 3 қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26  команданың 733 оқушысы қатысты.    

 

Толығырақ

5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиада

     Дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында 2016 жылғы 24 қараша күні 5-6 сынып оқушылары арасындағы V облыстық кешенді олимпиадасы өтті.  Олимпиадаға 135 оқушы қатысты, оның ішінде 24 оқушы Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 35 оқушы – аудандардан, 76 – мамандандырылған мектептерден.

     Оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми дағдыларын тексеру мақсатында кешенді және құрылымдық тапсырмалар дайындалды. Әр бағыттағы тапсырмалардың мәтіндерінің мазмұны түрлі сұрақтарды қамтыды, сондықтан балалардың әр пән бойынша білімдерін ұштастыруды талап етті. Мұндай тапсырмалар олимпиаданың талаптарына сәйкес оқушылардың өздігінен  жұмыс істеулерін, жан-жақты ізденістерін, сынтұрғыдан ойлауларын және мәтінмен жұмыс жасауларын қалыптастырады.

 

Толығырақ

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық олимпиада

     2016 жылғы 14 қазан күні Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.  Олимпиадаға Павлодар қаласының мамандандырылған мектептері мен жалпы орта білім беретін мектептерінен 51 оқушы қатысты.

Толығырақ

География пәнінен VI Облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

     2016 жылдың 13 қазанында Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінде география пәнінен VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Үш жыл қатарынан жасөспірімдер олимпиадасы облысымыздың ең дарынды оқушыларын жинайды. Олимпиадаға Павлодар облысының мамандандырылған білім мекемелерінен, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары және аудандарының жалпы орта білім беру мектептерінен 73 оқушы қатысты. Сонымен қоса, олимпиадалық тапсырма сұрақтары бойынша география пәнінен мұғалімдерге арналған оқыту семинары өтті.

 

Толығырақ

Бағдарламалау бойынша VI Облыстық жасөспірімдер олимпиадасы

     2016 жылғы 6 қазанда Павлодар облысының білім беру басқармасы мен «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  Дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатында өткізілген бағдарламалау бойынша VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 30 оқушы бақ сынасты. Мақсаты – оқушылардың жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және облыстағы олимпиадалық резервті қалыптастыру.

 

Толығырақ

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ

       29 қыркүйекте    дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатында өткізілген биология пәнінен VI облыстық жасөспірімдер олимпиадасына  82 оқушы қатысты.Олимпиадалық тапсырма сұрақтары бойынша биология пәнінен олимпиада шеңберінде мұғалімдерге арналған оқыту семинары өтті.

         Оқушылардың биология пәнін терең білуге деген құштарлықтарын ояту, дамыту мақсатында  өткізген дәстүрлі додаға қатысып, мектебіміздің 7-сынып  оқушысы Хуантхан Нурсерик жүлделі 2-орын, 6-сынып  оқушысы Бекмағанбет Әділет Құрмет грамотасымен   марапатталды. Жеңімпаздарды және дайындаған ұстаздары Асанова Шнар Жангабыловна мен Букурова Салтанат Булатовнаны құттықтаймыз!

Толығырақ

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН V ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

21-09-2015 жыл

Толығырақ

ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Олимпиада қорытындысы бойынша 11«б» сынып оқушысы Қайырбаева Назгүл «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жүлделі І орынға ие болып, абсолютті нәтиже көрсетті. Ал 11 «б» сынып оқушысы Шалабай Еркежан «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінен ІІІ орынға ие болды.

Толығырақ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТЫ ПӘНДЕРІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Олимпиадада Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 11 «А» сынып оқушысы Болатов Айдос биология пәнінен жүлделі ІІ орынға ие болды.

Толығырақ