БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН V ОБЛЫСТЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

21 қыркүйекте қаламыздың дарынды балаларға арналған көпсалалы лицейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы V облыстық жасөспірімдер олимпиадасы болып өтті. Өребәйге қорытындысы бойынша биология пәнінен мектебіміздің 8-сынып оқушылары Абдраимов Ердаулет пен Сейілжан Бектас II дәрежелі дипломмен марапатталды. Қашанда жеңіс тұғырынан көрініп, мектеп абыройын асқақтата беріңдер! Ұстазы Асанова Шнар Жангабылқызына шығармашылық табыстар тілейміз!
