ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ПӘНДЕР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2014 жылдың 24-і мен 29-ші наурыз аралығында Шымкент қаласында гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға барлығы 560 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 11«б» сынып оқушысы Қайырбаева Назгүл «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жүлделі І орынға ие болып, абсолютті нәтиже көрсетіп, «Қазақ тілі мен әдебиет» пәнінен 11 «б» сынып оқушысы Шалабай Еркежан ІІІ орынға ие болды.
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының тарих пәні мұғалімі Ернұр Нұрланұлы Дауенов «Олимпиада қозғалысына адалдық танытқаны үшін» номинациясымен марапатталды.
Назгүл мен Еркежанды жеңісімен және пән мұғалімдері Дауенов Ернұр Нұрланұлы мен Ахметова Гүлзина Кабдрахманқызын құттықтаймыз!

