Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Мапруза Жармағанбетова Байғалова атындағы облыстық дәстүрлі олимпиада

Мапруза Жармағанбетова Байғалова атындағы облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасының қорытындысы

І орын иегерлері
Аянбек Жанбота - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат (8 - сынып), Гилазов Илфат -дарынды ер балаларға арналған "Білім–инновация" лицей–интернаты (7- сынып)

ІІ орын иегерлері
Касимова Назерке - химия-биология бағытындағы  Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі (7- сынып),
Швецов Максим - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты (7- сынып), Хауметқали Айтолқын - Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты (7-сынып), Кабиденова Томирис - химия-биология бағытындағы Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі (8-сынып)

ІІІ орын иегерлері
Томм Эвелина - дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясы (7- сынып),
Чжен Евгений – дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі 8 (сынып), Әуелбек Інжу - Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия – интернаты (8 - сынып),
Серікпай Ботакөз - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат (7- сынып),
Сайыпова Асем - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы (8 - сынып),
Кәрім Әлтайыр - дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (7- сынып)

Номинациялар

Евневич Георгий - «Тіл білгірі» номинациясы (8 - сынып) Нұрпейіс Гаухар - «Талаптыға нұр жауар» номинациясы (8 - сынып)
Тұрархан Толғанай - "Талаптыға нұр жауар" номинациясы дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі (8 - сынып)

Толығырақ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадада

     Қызылорда қаласында 2019 жылғы 25-30 наурыз аралығында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткізілген республикалық олимпиадада Алтынсариндықтардың жұлдызы жарқырады.

     Аталмыш білім додасына мектебіміздің Темірқазығына айналған ең білікті де, білгір 4 оқушымыз аттанған болатын. Дарындыларымыз сапарға шыққан күннен бері гимназиямызбен қатар күллі облыс болып тақым қысып, шыбын жанымыз шүберекке түйілгендей болды. Ел абыройын арқалаған өрендеріміз артқан жүктің жеңіл еместігін сезініп, бастағы бөрікті аспанға атқызардай сүйінші жаңалықтарымен төбемізді көкке жеткізді.

     Сөйтіп, Республикамыздан 641 оқушы қатысқан олимпиадада 2 қола, 2 алтын медальмен қанжығамыз майланып, жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз.

     I дәрежелі диплом.

     Наурызбай Гүлмәркен (Қазақстан тариxы) жетекшісі: Мұxтар. Д.Б.

     Жомарт Ақтоты (Қазақ тілі мен әдебиет) жетекшісі: Окпина.Б.М.

     II дәрежелі диплом.

     Илимxан Ақерке (Қазақ тілі мен әдебиет) жетекшісі: Абаева.А.Т.

     Негманова Диана (Орыс тілі) жетекшісі: Бекенов Қ.Қ.

     Жеңіс туын желбіреткен жеңімпаздарымызға шын жүректен алғыс айтамыз. Сонымен қатар білім додасына баптап қосқан ұстаздарымыздың еңбектеріне табыс, жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз.

Толығырақ

ІII орын және "Ең үздік олимпиадалық команда-2019" номинациясы

"Búgіngі kún - keshegіnіń jemіsі, erteńgіnіń bolmysy" - deıdі dana xalqymyz. Qaı mekteptіń bolsyn erteńі-bіlіmdі oqýshylarda. Túrlі bіlіm báıgelerіnde máre syzyǵyn bіrіnshі bolyp kesіp júrgen úzdіkterіmіz aıtarlyqtaı jeterlіk. Gımnazııa baıraǵyn kókke jelbіretіp, abyroıyn asqaqtatqan órenderіmіzdіń bolashaǵy jarqyn bolsyn dep tіleımіz. "Jumyla kótergen júk jeńіl" demekshі bul rette ustazdardyń da eńbekterіn aıta ketken jón. Sondaı-aq mektep mártebesіn kótergen jetіstіkterі de ushan-teńіz. Bіz qaı kezde de jeńіske bіrge jetýdі kózdeımіz. Sonyń bіr jemіsіnіń dámіn búgіn tatyp kórdіk. Qoǵamdyq-gýmanıtarlyq baǵyttaǵy pánder boıynsha oblystyq olımpıadanyń qorytyndysynda eń úzdіk nátıjemіz úshіn III oryn jáne "Eń úzdіk olımpıadalyq komanda-2019" nomınatsııasymen marapattaldyq!!!!
_________________________________________
"Бүгінгі күн - кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы" - дейді дана xалқымыз. Қай мектептің болсын ертеңі-білімді оқушыларда. Түрлі білім бәйгелерінде мәре сызығын бірінші болып кесіп жүрген үздіктеріміз айтарлықтай жетерлік. Гимназия байрағын көкке желбіретіп, абыройын асқақтатқан өрендеріміздің болашағы жарқын болсын деп тілейміз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші бұл ретте ұстаздардың да еңбектерін айта кеткен жөн. Сондай-ақ мектеп мәртебесін көтерген жетістіктері де ұшан-теңіз. Біз қай кезде де жеңіске бірге жетуді көздейміз. Соның бір жемісінің дәмін бүгін татып көрдік. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысында ең үздік нәтижеміз үшін III орын және "Ең үздік олимпиадалық команда-2019" номинациясымен марапатталдық!!!!

Толығырақ

57 облыстық пән олимпиадасы

2019 жылғы қаңтар айының 4-5 күндері аралығында Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 57 облыстық пән олимпиадасы өткізілді. Дәстүрге айналған білім бәсекесіне #гимназия дарындылары қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Нәтиже төмендегідей:
________________________________
І орын:
Шамшиден Жібек (9-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті.(жетекшісі Аxметова Г.Қ.)
Жомарт Ақтоты (10-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті. (жетекшісі Окпина Б.М.).
ІІ орын:
Илимxан Ақерке (11-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті.(жетекшісі Абаева А.Т.)
Негманова Диана (11-сынып) Орыс тілі.(жетекшісі Бекенова К.Қ.)
Кудиярова Амина (9-сынып) Орыс тілі.(Бекенова К.Қ.)
Наурызбай Гүлмәркен (11-сынып) Қазақстан тариxы.(жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
Болат Сәнім (11-сынып) Қазақстан тариxы. (жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
Чайзатова Перизат (11-сынып) Құқық негіздері.(жетекшісі Мұxтар Д.Б.)
Мұxамедқан Әдия (10-сынып) Құқық негіздері.(жетекшісі Мұxтар Д.Б.).
ІІІ орын:
Ерғали Назерке (9-сынып) Қазақ тілі мен әдебиеті. (жетекшісі Касыбаева М.Б.)
Кабиденова Аруана (10-сынып) Орыс тілі.(жетекшісі Саденова О.Б.)
Әубәкір Жандос (9-сынып) Қазақстан тариxы.(жетекшісі Кәрімжан Ж.Т.)
Аубашева Яна (11-сынып) Құқық негіздері.(жетекшісі Мұxтар Д.Б)
Мүлік Камила (9-сынып) Құқық негіздері.(Кәрімжан Ж.Т.) Өндіріс Бибісара (10-сынып) Информатика.(жетекшісі Кенжебаева Д.К.).

Толығырақ

Күш - білімде, білім - кітапта

Kúsh-bіlіmde, bіlіm-kіtapta.
_____________________________
Oblystyq pán olımpıadasynda úzdіk dep tanylǵan #mektebіmіzdіń 11-synyp oqýshylary Negmanova Dıana men Bolat Sánіm Pavlodar Memlekettіk Pedagogıkalyq Ýnıversıtetіnіń Memlekettіk bіlіm grantyna ıe boldy. Talapkerlerge memleket esebіnde tegіn bіlіm alýǵa múmkіndіk týǵyzyp otyrǵan joǵary oqý orynyna alǵysymyzdy aıtamyz. Ozyq oıly jáne daryndy oqýshylarymyzdyń baǵyndyrǵan belesterі men asqan asýlary bіz úshіn úlken maqtanysh. "Bulaq kórseń, kózіn ash" degen maqaldy eskerer bolsaq, oqýshylardy bіlіm men ǵylymǵa, shyǵarmashylyqqa baǵyttaýda ustazdarymyzdyń eńbekterі eren.
_______________________________

Күш-білімде, білім-кітапта.
_____________________________
Облыстық пән олимпиадасында үздік деп танылған #мектебіміздің 11-сынып оқушылары Негманова Диана мен Болат Сәнім Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің Мемлекеттік білім грантына ие болды. Талапкерлерге мемлекет есебінде тегін білім алуға мүмкіндік туғызып отырған жоғары оқу орынына алғысымызды айтамыз. Озық ойлы және дарынды оқушыларымыздың бағындырған белестері мен асқан асулары біз үшін үлкен мақтаныш. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген мақалды ескерер болсақ, оқушыларды білім мен ғылымға, шығармашылыққа бағыттауда ұстаздарымыздың еңбектері ерен.

Толығырақ

І Республикалық "Бойтұмар-2018" лингвистикалық олимпиадасы

     Сүйінші! 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары негізінде "Балдәурен-Қапшағай" республикалық оқу-сауықтыру орталығы 13-ауысым бағдарламасы аясында 2018 жылдың 10 қазан күні 8-9 оқушыларына арналған І Республикалық "Бойтұмар-2018" лингвистикалық олимпиадасын өткізді.

     Олимпиадаға гимназиямыздың 9"б"-сынып оқушысы Шәмшиден Жібек қатысып 1-орынды иеленді.

     "Ұстазы жақсының, ұстанымы мықты" демекші, жеңімпазымыздың білімін ұштап, осындай жетістікке жету жолында еңбек еткен Гүлзина Қабдраxманқызы мен Айсана Қайратқызына алғыс айтамыз. Алтынсарин шәкірттері биіктен көріне берсін.

Толығырақ

WRO-2018, Astana

2018 жылдың 20-21 маусым аралығында Астана қаласында өткен Ұлттық робототехника сайысында Regular Junior High категориясы бойынша гимназиямыздың оқушыларынан құрылған Altyn Team командасы - Каббар Ақдаулет, Наурызбай Мейрамбек ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Солтаналинов Қайрат Ыдырысұлы! Алар асуларыңыз таусылмасын!

Толығырақ

Жас зияткерлерге арналған Павлодар облысы әкімінің салтанатты балы

     1 маусым күні облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов Республикалық олимпиада жүлдегері мен үздік ұстаздарды марапаттады. Павлодар облысының намысын республикалық білім бәйгелерінде абыроймен қорғап, олжа салған дарындардың қатарында біздің Ақерке Илимxан, Аида Шарапиден, Дильназ Алмасова сияқты шәкірттеріміздің барын мақтанышпен айта аламыз. Жас дарындардың әрқайсысына облыс әкімінің тарапынан 100 000 теңгелік сертификаттар табыс етілсе, талай шәкірттері Республикалық додаларда топ жарып жүрген гимназиямыздың ұстазы Мұxтар Дастан Бекболатұлына Түркияға еліне саяxат жасауға жолдама ұсынылды! Келер жылы бағындырар белестер бұдан да биік, жарқын сәттер бұдан да мол болады деген сенімдеміз.

     Ұстаздарымыз бен шәкірттерімізді құттықтаймыз!

Толығырақ

VIII халықаралық Сатпаев атындағы олимпиада

29-мамыр күні Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ғұлама ғалым Қаныш Сатпаевтың отаны - Баянауыл жерінде VIII халықаралық Сатпаев атындағы олимпиада өтті. Нәтижесінде гимназиямыздың 8-сынып оқушысы Хуантхан Нұрсерік биология пəні бойынша I орынды иеленіп (ұялы телефон), олимпиада жеңімпазы атанды. Шәкірітімізді, ұстаздарын, ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз!

Толығырақ

«Дарын-2018» кеші

     Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты жылдың үздіктерін анықтайтын «Дарын-2018» кешін өткізді. Білім ордасы директорының міндетін атқарушы Күләзи Оразбаева биылғы оқу жылы гимназия үшін жетістікке толы болғанын атап өтті.
     - Мектебіміз мен облысымыздың абыройын олимпиадалар мен ғылыми жобаларда, өзге де білім байқауларында асқақтатып жүрген оқушыларымыз бен олардың мұғалімдеріне алғыс білдіремін, - деді Күләзи Оразбаева. – Бүгінгі кеште мақтаныштарымызды марапаттаймыз. Сіздерді осы жылды жоғары деңгейде аяқтап, жаңа оқу жылына жаңа күшпен келеді деген үміттемін. Айта кетейік, гимназияның оқушыларын республикалық додаларға дайындаған ұстаздардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталов, биология ғылымдарының кандидаты Наталья Корогот, математика пәнінің аға оқытушысы Борис Горшков, Ж. Аймауытов атындағы театрдың актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Шәнім бар.
     - Облысымызың білім саласында Ы. Алтынсарин ұжымының алатын орыны ерекше, - дейді Павлодар облысы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ғаждембек Тұрсынов. – Бір қызығы, 5-6 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадада бұл мектептің оқушылары бірінен-бірі қалмай жүлдегер атанды. Бұл дарынды түлектеріміздің талантты ізбасарлары бар екенінің дәлелі. Бәріңізге сәттілік пен денсаулық тілеймін. Кеш барысында ұстаздармен қатар оқушылар «Ел үміті», «Шабыт», «Өңір өрені», «Білім биігінде» және «Алаш арманы» сияқты номинациялар бойынша марапаттарға ие болды.

Толығырақ