Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

World Robot Olympiad-2018 роботтехника олимпиадасының желілік кезеңі

2018 жылғы 28 сәуір күні Назарбаев зияткерлік мектебінде World Robot Olympiad-2018 роботтехника олимпиадасының желілік кезеңі өткізілді. Біздің мектептен үш команда қатысып, екеуі жеңіске жетті.

Толығырақ

VII қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Ж.Байғалова атындағы олимпиада

     Гимназиямызда VII дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Ж.Байғалова атындағы олимпиада мәресіне жетті. Биылғы жылғы олимпиада V бағыт бойынша өтіп, жалпы саны 160-тан астам оқушы қатысты.
     5-8 сыныптар арасында өткен дәстүрлі олимпиаданың жабылуына Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстазымыз Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова өзі қатысып, гимназия шәкірттеріне батасын берді.

Толығырақ

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республика бойынша бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі

     2018 жылғы 4 сәуір күні Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республика бойынша бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

     Олимпиадаға 9 «б»-сынып оқушысы Асқар Күлімжан (жетекшісі Р.Ж.Мұхаметжанова), 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке (жетекшісі А.Т.Абаева), 11 «б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі М.Б.Касыбаева) қатысып, нәтижесінде ІІ орын жүлдегерлері атанды.

     25-28 сәуір күндері Өскемен қаласында өткізілетін республикалық олимпиадаға облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлдегер оқушыларымызды құттықтаймыз!

Толығырақ

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада

     Қостанай қаласында 2018 жылғы 26-29 наурыз күндері өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға мектебімізден  3 оқушы: 11 «б»-сынып оқушылары Шарапиден Аида, Алмаc Ділназ, 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке қатысты. Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша Аида (жетекшісі М.Б. Касыбаева) мен Ақерке (жетекшісі А.Т. Абаева)  –  ІІІ орын, орыс тілі пәні бойынша Ділназ (жетекшісі О.Б. Саденова)  –  ІІІ орын жүлдегерлері.

     Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

 

Толығырақ

«Жарқын болашақ» Х республикалық «Білім-инновация» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

     2018 жылғы 8  ақпанда  Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Жарқын болашақ» Х республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден әр бағыт бойынша 5 оқушы қатысты. Нәтижесінде, «Әнші бұлбұлдар» бағыты бойынша 8«б»-сынып оқушысы Тлеубек Ерқанат (жетекшісі Ризабек Жанұзақұлы),  «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша 11«б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі Касыбаева Майра Бағдатқызы) ІІІ орынды иеленді.

     Жүлдегер оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз.

Толығырақ

Республикалық олимпиаданың жүлдегері

     2018 жылғы 12 қаңтарда  Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде физика, математика, информатика пәні мұғалімдері арасында І республикалық олимпиадаға мектебімізден информатика пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Ыдырысұлы қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады. Хакім Абай:«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», – деп бекерден-бекер айтпаса керек. Келешек ұрпақтың жаңа заманға сай, бәсекеге қабілетті болуы мұғалімдерге тікелей байланысты екені анық. Бар білімін шәкірттеріне берумен қатар, түрлі байқауларда бақ сынағанды артық санамайтын білімді де білікті ұстаз Қайрат Ыдырысұлының бұл жеңісі – ұстаздар қауымының үнемі ізденісте болғанының дәлелі.

     Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз. Болашақта алар асуларың биік болсын!

 

Толығырақ

«Ең үздік олимпиадалық команда - 2018»

     2018 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-сы аралығында Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11-сынып оқушылары арасында 56-облыстық пән олимпиадасы өтті.

     Облыстық пән олимпиадасына мектебімізден 35 оқушысы қатысып, нәтижесінде 20 оқушы жүлдегер атанып, 2 оқушы: 11-сынып оқушылары Олжатаев Қуаныш Инновациялық Еуразия университетінің, Марат Аймера С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу грантын иеленді.   «Ең үздік олимпиадалық команда - 2018» номинациясында гуманитарлық бағыт бойынша мектебіміздің олимпиадалық құрамасы  І орынды иеленді.

Толығырақ

Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің V Халықаралық шығармашылық байқауы

2017 жылдың 1-2 қарашасы аралығында мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Идрисович Алматы қаласында өткен математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің V Халықаралық шығармашылық байқауына қатынасып, жүлделі ІІ орынды иеленді. 

Толығырақ

Робототехника олимпиадасының желілік кезеңі

     2017 жылғы 29 сәуір күні "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" өтті.

Толығырақ

Қ.О.БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

     2016 жылдың 8 сәуірінде Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.О.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облысымыздың жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінің оқушылары қатысты. 

Толығырақ