Қ.О.БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ
2016 жылдың 8 сәуірінде Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.О.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облысымыздың жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінің оқушылары қатысты.
Ережесіне сәйкес олимпиада 2 тур бойынша өткізілді: 1 тур – эссе жазу, 2 тур тапсырмалар.
Нәтижесінде, мектебіміздің 10 «б»-сынып оқушысы Шарапиден Аида және 11 «б»-сынып оқушысы Көбеш Наргиз І орынды иеленді.
ІІ дәрежелі дипломмен 9 «б»-сынып оқушысы Илимхан Ақерке марапатталды.
2017 жылдың 27-30 сәуір күндері Өскемен қаласында өткізілетін республикалық олимпиадаға қатысатын шәкірттерімізге ақ жол тілейміз!


