«Ең үздік олимпиадалық команда - 2018»
2018 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-сы аралығында Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11-сынып оқушылары арасында 56-облыстық пән олимпиадасы өтті.
Облыстық пән олимпиадасына мектебімізден 35 оқушысы қатысып, нәтижесінде 20 оқушы жүлдегер атанып, 2 оқушы: 11-сынып оқушылары Олжатаев Қуаныш Инновациялық Еуразия университетінің, Марат Аймера С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу грантын иеленді. «Ең үздік олимпиадалық команда - 2018» номинациясында гуманитарлық бағыт бойынша мектебіміздің олимпиадалық құрамасы І орынды иеленді. Атап айтқанда, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушыларымыз:
І орын: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Илимхан Ақерке, 10-сынып (жетекшісі: Абаева А.Т.), Шарапиден Аида, 11-сынып (жетекшісі: Касыбаева М.Б.), орыс тілінен Алмас Дильназ, 11-сынып (жетекшісі: Саденова О.Б.);
ІІ орын: қазақ тілі мен әдебиетінен Асқар Күлімжан, 9-сынып (жетекшісі: Мухаметжанова Р.Ж.), орыс тілінен Кабиден Аруана, 9-сынып (жетекшісі: Саденова О.Б.), Сансызбай Сәния, 9-сынып(8) (Жетекшісі: Сарсенов Т.М.), Абдраимов Ердәулет, 10-сынып (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), Наурызбай Гүлмәркен, 10-сынып (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), құқық негіздерінен Олжатаев Қуаныш, 11- сынып (жетекшісі: Кәрімжан Ж.Т.), Мұхамедқан Әдия, 9-сынып (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), Аубашева Яна, 10-сынып (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.).
ІІІ орын: ағылшын тілінен Марат Аймера, 11-сынып (жетекшісі: Искакова Д.С.), Бейсенова Жансая, 11-сынып (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), Тлектес Абай, 9-сынып, (жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), орыс тілінен Негманова Диана, 10-сынып (жетекшісі: Бекенова К.К.), тарих пәнінен Жанбау Марғұлан, 11-сынып, Болат Сәнім, 10-сынып (жетекшісі: Сарсенов Т.М.), Кабдулхамит Камшат, 11-сынып (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), биологиядан Досумбаева Анара, 10-сынып (жетекшісі: Букурова С.Б.), географиядан Жуманов Қуатбек, 10-сынып (жетекшісі: Касамбаева А.Л.).
Осы аталған жүлдегер оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз. Республикалық пәндік олимпиадаға жолдама алған оқушыларымызға алдағы сыннан да білім шыңынан көрініп, жеңімпаз болуларына тілектеспіз. Осындай білімді шәкірттерді сайыс додасына баулып, шығармашылыққа тәрбиелеп, бәйге мәресіне жеткізуде аянбай еңбектенген ұстаздарымызды да құттықтаймыз әрі шығармашылық табыс тілейміз.







