Бағлан Ерлан
Бағлан Ерлан
Мен 2000 жылдың қарашаның 14 жұлдызыңда дүние есігін аштым. Бала кезімнен ата-әжемнің бауырында өстім. Бала кезімнен әжемнің әңгіме ертегілерін тыңдаумен өстім. Әкемнің есімі – Алдияр, ал анамның есімі – Қамарсұлу. 2006 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Оқуымда озат болдым. Менің алғашқы мектебім ол Саты орта мектебі. Мен бұл мектепте 4-ші сыныпқа дейін оқыдым.
2011 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатына оқуға түстім. Бұл оқу ордасынан көптеген еліне елеулі, халқына қалаулы адамдар түлеп ұшты. Сол оқу жылында жас ақындар үйірмесіне қабылдандым . Біздің жетекшіміз, ұстазымыз жәнеде ақылшымыз Асығат Тұрғанбек еді. Біз ұстазымыздан көп нәрсені үйрендік. Ұстазымыздың әрбір сөзін біз ешқашан ойымыздан шығармаймыз. Гимназияда көптеген дос таптым және арқа сүйер ағаларымды таптым. 2014 жылы оқуымды Саты орта мектебіңде жалғастырдым.
Әйтенов Социал
Әйтенов Социал 1946 жылы 16 қаңтарда Павлодар облысы, Ақсу ауданындағы Құркөл ауылында туды.1962-1963 жылдары облыс орталығындағы жаңадан ашылған №3 мектеп-интернаттың 10- сыныбын бітірді.Еңбек жолын туған ауылында мұғалім,1965 жылы Май аудандық “Шамшырақ”- “Маяк” газетінде аудармашы, әдеби қызметкер, 1965-1969 жылдары С.М.Киров атындағы КазМУ-інде оқып, бітіргеннен кейін СССР Қарулы күштер қатарында офицерлік қызметте болды. Әскери шені – капитан.
Алтай Қадырбек
Алтай Қадырбек 1990 жылы дүниеге келген. Өлеңді жеті жасынан бастап жаза бастаған. Алғашқы туындылары Баянауыл ауданына қарасты Жаңатілек ауылында мектеп қабырғасында жүргенде дүниеге келген. Аудандық "Абай оқуларында" екінші орын, "Мәшһүр Жүсіп оқуларында" екінші орын, "Сұлтанмахмұт оқуларында" бірінші орынға ие болады. Жоғарғы сыныпта Алтай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы гимназия–интернатында оқыды. Осы кездері айтысқа да бет бұрып, облыстық "Жас дәурен" оқушылар айтысына қатысады. Гимназия қабырғасында жүріп облыстық "Мәшһүр Жүсіп оқуларында" үшінші орын, студенттер арасында өткен "Мұқағали оқуларында" "Жас ақын" номинациясын иеленеді.
Алтынбек Мақсатхан
Алтынбек Мақсатхан 1995 жылы Қашыр ауданы, «Жаңа құрылыс» ауылында дүние келген. 2011-2013 жылдары аралығында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында оқып, «Желдірме» ақындар мүшәйрасы үйірмесінің жетекшісі Асығат Тұрғанбектен тәлім алады.
Бағдат Даниярұлы Дүйсенов
Бағдат Даниярұлы Дүйсенов 1975 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында дүниеге келген.
1992 жылы Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатын бітірген. Гимназия қабырғасында оқып жүргенде облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, мектептің мерейін көтеруге көп үлесін қосты. Оқушылар арасындағы республикалық олимпиадалардың жүлдегері болды.
1993-1997 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінің араб тілі мамандығы бойынша білім алды. 1998-2001 жылдары ҚР ҰҒА Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының түркітану бөлімінің аспирантурасында оқыды. 2001-2007 жылдары ҚазМемҚызПИ Екібастұз филиалында директордың орынбасары, 2007-2009 жылдары Астана қаласындағы «Жан» республикалық журналының шеф-редакторы қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасында редактор, 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері. 2008 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арнап «Ғұлама ғұмыры» кітабын шығарып, ауылына мешіт тұрғызуды ұйымдастырды. 2009 жылы Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінің жанындағы «Рухани мұра» серіктестігінің қайырымдылық қаражатымен «Ар мен ай» өлеңдер жинағы жарық көрді. Өлеңдері және ғылыми мақалалары республикалық, облыстық мерзімді баспасөз бетттерінде жарық көріп тұрады.

