Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Бағдат Даниярұлы Дүйсенов

     Бағдат Даниярұлы Дүйсенов 

     1975 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында дүниеге келген.

     1992 жылы Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатын бітірген. Гимназия қабырғасында оқып жүргенде облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, мектептің мерейін көтеруге көп үлесін қосты. Оқушылар арасындағы республикалық олимпиадалардың жүлдегері болды.

     1993-1997 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетінің араб тілі мамандығы бойынша білім алды. 1998-2001 жылдары ҚР ҰҒА  Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының түркітану бөлімінің аспирантурасында оқыды. 2001-2007 жылдары ҚазМемҚызПИ Екібастұз филиалында директордың орынбасары, 2007-2009 жылдары Астана қаласындағы «Жан» республикалық журналының шеф-редакторы қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасында редактор, 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері.  2008 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арнап «Ғұлама ғұмыры» кітабын шығарып, ауылына мешіт тұрғызуды ұйымдастырды. 2009 жылы Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінің жанындағы «Рухани мұра» серіктестігінің қайырымдылық қаражатымен «Ар мен ай» өлеңдер жинағы жарық көрді.   Өлеңдері және ғылыми мақалалары республикалық, облыстық мерзімді баспасөз бетттерінде жарық көріп тұрады.