Бағлан Ерлан
Бағлан Ерлан
Мен 2000 жылдың қарашаның 14 жұлдызыңда дүние есігін аштым. Бала кезімнен ата-әжемнің бауырында өстім. Бала кезімнен әжемнің әңгіме ертегілерін тыңдаумен өстім. Әкемнің есімі – Алдияр, ал анамның есімі – Қамарсұлу. 2006 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттадым. Оқуымда озат болдым. Менің алғашқы мектебім ол Саты орта мектебі. Мен бұл мектепте 4-ші сыныпқа дейін оқыдым.
2011 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатына оқуға түстім. Бұл оқу ордасынан көптеген еліне елеулі, халқына қалаулы адамдар түлеп ұшты. Сол оқу жылында жас ақындар үйірмесіне қабылдандым . Біздің жетекшіміз, ұстазымыз жәнеде ақылшымыз Асығат Тұрғанбек еді. Біз ұстазымыздан көп нәрсені үйрендік. Ұстазымыздың әрбір сөзін біз ешқашан ойымыздан шығармаймыз. Гимназияда көптеген дос таптым және арқа сүйер ағаларымды таптым. 2014 жылы оқуымды Саты орта мектебіңде жалғастырдым.
Мен осы білім ордасында 2011-2013 жылдары аралығында оқыдым.
5-11 сынып аралығында жеткен жетістіктерім:
2015 ж. Обылстық «Парасат падишасы» атты оқушылар айтысы. «Ұшқыр ақын» номинациясы.
2015 ж. аудандық «Абай оқулары» ІІІ орын
2016 ж. аудандық «Абай оқулары» ІІ орын
2016 ж. аудандық « Махамбет оқулары» І орын
2016 ж. облыстық «Махамбет оқулары» ІІІ орын
2016 ж. облыстық «Арайлы таңым – азаттық!» атты оқушылар арасындағы жыр мүшәйрасы І орын.
2016 ж. Май ауданының білім беру бөлімінің Алғыс хаты
2017 ж. аудандық «Абай оқулары» І орын
2017 ж. облыстық «Абай оқулары» ІІ орын
2017 ж. аудандық «Махамбет оқулары» І орын
2017 ж. Облыстық «Шығармашылық» шеберлер мектебі «Жас қаламгер» бағытының рейтинг нәтижесі бойынша жоғарғы көрсеткіш.
