Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Әйтенов Социал

Әйтенов Социал

       1946 жылы 16 қаңтарда Павлодар облысы, Ақсу ауданындағы Құркөл ауылында туды.1962-1963 жылдары облыс орталығындағы жаңадан ашылған №3 мектеп-интернаттың 10- сыныбын бітірді.Еңбек жолын туған ауылында мұғалім,1965 жылы  Май аудандық “Шамшырақ”- “Маяк”  газетінде аудармашы,  әдеби қызметкер, 1965-1969 жылдары С.М.Киров атындағы КазМУ-інде оқып, бітіргеннен кейін СССР Қарулы күштер қатарында офицерлік қызметте болды. Әскери шені – капитан.

      1971 жылдан бастап 1985 жылға дейін Павлодар облыстық “Қызыл  ту”  (қазіргі “Сарыарқа самалы” газеті) газетінің мәдениет және әдебиет, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп,құрылыс және көлік бөлімдерінде тілші, аға тілші, өнеркәсіп және құрылыс, бұдан кейін идеология бөлімдерінің  меңгерушісі болып істеді.

     1985-1996 жылдары Павлодар облыстық телевизия және радиохабарлар тарату комитетінде облыстық радионың редакторы, аға редакторы, бас редакторы болды. Бұдан  кейін облыстық телеарнаның  “Жаңалықтар”, “Қоғамдық-саяси” редакцияларында  редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін  атқара жүріп, бірнеше ізбасарларын  тележурналист мамандығына баулыды. Өндірістік тәжірибеден өтуге келген студент жастарға жетекшілік жасады.

       7 жыл бойы негізгі жұмысынан қол үзбей С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасында аға оқытушы болды. Студенттерге «Журналистикаға кіріспе», «Тележурналистика негіздері», «Тележурналистиканың теориясы мен әдістемесі», «БАҚ және жарнама» курстары бойынша дәріс берді.

       2005 жылдан бастап «Қазақстан телерадиокорпорациясының филиалы-“Қазақстан-Павлодар” телеарнасында бас редактор, жауапты шығарушы, филиал директорының орынбасары, Бас редактор болып  жұмыс істеді.

      Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де 2 жылдан астам уақыт жастар тәлімгері болып әкімшілік қызметте еңбек етті. Облыс  өміріндегі қоғамдық жұмыстарға –облыстың ардагерлер ұйымында, «Ұлт тағдыры» клубында, салауатты өмір салтын насихаттау орталығында жұмыс жасады.

      2015 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып сайланды.

      1976 жылдан бастап  СССР Журналистер Одағының мүшесі, облыстық  журналистер Одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты атанды. Қ.Р.Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, облыстық Мәслихаттың Құрмет  Грамотасымен,«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының  Алғыс хатымен, ҚР Журналистер Одағы дипломымен, облыс әкімінің, Павлодар қаласы әкімінің Құрмет Грамотасымен, Алғыс хатымен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен  марапатталды. 2017 жылы оған «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді.

      Социал Әйтеновтің өлеңдері, балладалары облыстық, республикалық баспасөз бетерінде жиі жарияланып тұрады.