Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Қабдраш Абзал Қайратұлы

"Ақындар мектебі-Школа поэтов": Қабдраш Абзал Қайратұлы     Қабдраш Абзал Қайратұлы 1995 жылы 2 қаңтарда Ақтоғай ауданы С. Мүткенов ауылында дүниеге келген. Өмірлік ұстанымы: «Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық», өмірлік мақсаты: «Адам боп келдім өмірге, Адам боп қайту – міндетім».

     Облыстық, республикалық  ақындар айтысының бірнеше мәрте жеңімпазы әрі жүлдегері.

      2008 жылы Түркістан қаласында өткен «Яссауитану» байқауында ІІІ орын иегері атанып, тұңғыш рет бұл жарыс түрінен Павлодар облысының қоржынын күміс медальмен толықтырды. Осыдан кейін Павлодар қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатына оқуға шақыртылды.

      Мектеп қабырғасында  бірнеше жыл қатарынан облыстық Мұқағали, Шәкәрім, Мағжан оқуларында тұрақты Бас жүлде иеленген. Халықаралық «Жарқын болашақ» атты KATEV қазақ тілі олимпиадасының «Сөз мәнері» бағыты бойынша  II орын алды.

     Айтыс өнерінде жеткен жетістіктері де мол. Облыстық «Кемеңгер Елбасы», республикалық «Тәуелсіздік құрдастары» атты айтыстарда Бас жүлдені қанжығасына байлаған. Қостанай қаласында өткен республикалық «Тәуелсіздікке тағзым», Павлодар қаласында өткен «Мен жастарға сенемін» және Алматы қаласында өткен «Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық студенттер айтыстарында өңір намысын абыроймен қорғап, І орынға лайық деп танылған. Облыстық ақындар айтысында бірнеше рет топ жарған.

     Айтыс саласында облыс алдында сіңірген еңбегі үшін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың Алғыс хатымен, журналистика саласындағы жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

       Бүгінгі таңда Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің мемлекеттік тілдегі тілшісі қызметін атқаруда, материалдарды қазақ және орыс тілдерінде жазады.

 

Білімі: Жоғары (2012 жылы Ы. Алтынсарин ат.дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатын тәмамдаған. Инновациялық Еуразия Университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады)

Ақындық жолдағы ұстаздары: Бейсенбі Мұқажан және Асығат Тұрғанбек.

Еңбек жолы: 2013-2015 жылдар аралығында облыстық «Регион.kz» жастар газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2014 жылы аталмыш газет қоғамдық - саяси ақпараттық газеті болып форматын өзгертті;

     2015 жылдың сәуір айынан бастап Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің мемлекеттік тілдегі тілшісі қызметін атқаруда.

Меңгерген тілдері: қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлейді, ағылшын тілі орташа;

Жетістіктері:

  • Республикалық «Яссауитану» байқауының ІІІ орын иегері (Түркістан қ-сы);
  • 2009 жылы алғаш рет аламан айтысқа шықты;
  • 2009 жылы «Азаматпын. Еркінмін. Еріктімін» атты аймақтық ақындар айтысында «Ең жас ақын» аталымын иеленді;
  • Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Ана тілім - ардағым» атты сайыста - I орын (2009 жылы)
  • Облыстық Мұқағали оқулары - бас жүлде (2010 жылы);
  • Республикалық Мұқағали оқуларына қатысушы (Алматы қ-сы, Қарасаз ауылы);
  • Мұқағали Мақатаев атындағы көркемсөз оқулары – І орын (2012 жылы)
  • «Адамдық борышың...» атты облыстық Шәкәрім оқулары - бас жүлде (2010 жылы);
  • Облыстық «Жарқын болашақ» атты KATEV қазақ тілі олимпиадасының «Сөз мәнері» бағыты бойынша - I орын (2010 жылы);
  • Республикалық «Жарқын болашақ» атты KATEV қазақ тілі олимпиадасының «Сөз мәнері» бағыты бойынша I орын (Алматы қ-сы 2010 жылы);
  • Халықаралық «Жарқын болашақ» атты KATEV қазақ тілі олимпиадасының «Сөз мәнері» бағыты бойынша II орын (Астана қ-сы 2010 жылы);
  • Отан қорғаушылар күніне арналған «Қазақстан, әскер, отаншылдық» тақырыбындағы республикалық шығармалар сайысының жеңімпазы;
  • «Жас дәурен - 2010» атты оқушылар айтысы - «Иса Байзақов атындағы арнайы жүлде»;
  • «Жас дәурен - 2011» атты оқушылар айтысы - «Бас жүлде»;
  • Облыстық «Жырла, жас өрен!» атты жас ақындар айтысы - I орын;
  • Облыстық «Көктем» атты студенттер мен оқушылар айтысы - «Ұшқыр ақын» аталымы;
  • Аймақтық «Мағжан оқуларының» - II орын иегері; (Петропавл қаласы, Мағжан ауылы) 2012 жылы;
  • 2012 жылы «Мағжан оқуларына» орай «Жүрек қобызы» атты жыр жинағы жарыққа шықты;
  • «Кемеңгер Елбасы» атты облыстық ақындар айтысы - «Бас жүлде» (2012 жылы)
  • «Мен жастарға сенемін» атты республикалық студенттер айтысы - I орын (2015 жылы);
  • «Елдіктің терең тамыры» атты облыстық ақындар мүшәйрасы - ІІІ орын (2015 жылы);
  • «Сарыарқа самалы» газетінің 85 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы –
  • ІІІ орын ( 2014 жылы);
  • Әлкей Марғұланның 110 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы – ІІІ орын, (2014 жылы);
  • «Тәуелсіздік тірегі – жастар» атты облыстық жас ақындар айтысы – І орын, (2014 жылы);
  • «Қазақтан шыққан маржандар» атты аймақтық жыр-мүшәйрасы - ІІ орын (2014 жылы);
  • Қостанай қаласында өткен республикалық «Тәуелсіздікке тағзым» атты студенттер айтысы – І орын (2014 жыл);
  • Павлодар қаласында өткен «Мен жастарға сенемін» атты республикалық студенттер айтысы - І орын (2015 жылы);
  • «Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Жаяу Мұсаның 180 жылдығына орай» өткен облыстық айтыс – І орын (2015 жылы);
  • Алматы қаласында өткен «Тәуелсіздік тағылымы» атты республикалық студенттер айтысында өңір намысын абыроймен қорғап, І орынға лайық деп танылды (2015 жылы);
  • «Тәуелсіздік жолында» атты облыстық ақындар айтысы - І орын (2016 жылы)
  • 2016 жылы Абайдың мерейтойына орай өткен «Абайға арнау» атты облыстық айтыс –

ІІ орын, 2014 жылғы айтысында ІІІ орын иеленген болатын;

  • Көкшетауда өткен «Тәуелсіздік құрдастары» атты аймақтық айтыс – Бас жүлде (2016 жыл, желтоқсан)
  • Баянауыл ауданында Тәуелсіздік құрметіне арналған облыстық жас ақындар айтысы –

 3 орын (желтоқсан, 2016 жыл)

  • Екібастұзда өткен халықаралық ақындар айтысы – «Азулы ақын» арнайы жүлдесі
  • (2016 жыл, желтоқсан)
  • «Екібастұз - жәннат жайым, алтын бесік мекенім» атты республикалық ақындар айтысы – Алғыс хат (2017 жылы)
  • Сондай-ақ, айтыс саласында облыс алдында сіңірген еңбегі үшін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың Алғыс хатымен марапатталды;
  • Журналистика саласындағы жетістіктері үшін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың Құрмет Грамотасымен марапатталды.
  • Қазақ тілінің дамуына елеулі үлесін қосқаны үшін Тілдер басқармасының Алғыс хатымен екі мәрте марапатталды;
  • «Әлемдегі маңызды мәселелер: тіл, журналистика, мәдениет және әлеуметтану мәселелері» атты семинарына қатысқан (Спикер: Стамбул ун.профессоры, РһD доктор – Х.Тюфекчиоглу):
  • «Ілияс әлемі» атты республикалық студент -жастар фестиваліне қатысқан;
  • «Мәңгілік ел» атты шығармашыл жастар байқауына қатысқан;
  • Өлеңдері облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде бірнеше рет жарық көрді. Сонымен қатар, өлеңдері «Жас қанат», «Ертіс әуендері», «Ақ заңғардағы асулар» кітаптарына еніп, «Жұлдыздар отбасы» журналында жарық көрген;
  • «Шаңырақ» орталығында ашылған «Желдірме» ақындар үйірмесінің мүшесі, Инновациялық Еуразия Университеті қабырғасында «Жебе» ақындар клубын ашып жетекшілік еткен, екі мәрте облыстық айтыс ұйымдастырды. Қазіргі күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында ашылған «Алдаспан» жас ақындар клубының белді мүшесі.