«Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22-24 қазан күндері Астана қаласында қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері үшін «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинарын өткізді.
Осы семинар барысында 23 қазан күні мектебіміздің мұғалімдері «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, нәтижесінде орыс тілі пәнінің мұғалімі Бекенова Қорлан 1-орын, орыс тілі пәні мұғалімі Құдайбергенова Гүлдана 3-орын, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері Касыбаева Майра және Зылгарин Нұрбек Грамотамен марапатталды.

«Ақберен» Республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі
Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» Республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы:
«Ақындар айтысы» бағыты бойынша Охиттан Нұриден I орын
«Көркемсөз оқу» бағыты бойынша Жұмабай Қосман Iорын
«Шешендік, білгірлік сайысы» бағыты бойынша Зекебай Нұрай I орын
«Ақындар мүшәйрасы» бағыты бойынша Қайрат Алдияр II орын
«Эссе жазу» » бағыты бойынша Маден Айнұр III орын
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағыты бойынша Алтай Ақбота III орын
____________________________________________________________________________________________________________________-
Ресубликалық кезеңге өткен Охиттан Нұриден, Жұмабай Қосман мен Зекебай Нұрайға сәттілік тілейміз!




“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды ресми түрде қабылдау рәсімі
Қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн - Республика күні қарсаңында мектебімізде “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды ресми түрде қабылдау рәсімі өтті. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ұйымға жаңадан қабылданған оқушыларға көк галстук тақты, 72 оқушы қабылданды.


«Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысы
2024 жылдың 21-22 қазан күндері Алматы облысының Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен мектеп оқушылары арасында республикалық «Жыр алыбы – Жамбыл» жас ақындар айтысы өтті.
Сайысқа 36 жас ақын қатысып, «Тақырыптық айтыс» және «Қайым айтыс» бағытында өз өнерлерін көрсетті.
«Қайым айтыс» нәтижелері бойынша Павлодар облысынан гимназиямыздың 10 «б» сынып оқушысы Баршинбаев Мейіржан III орын иеленді.
Жүлделі орын құтты болсын, Мейіржан!

Облыстық көптілділік олимпиадасы
Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып 2024 жылғы 16 қазанда 9-11 сынып оқушылар арасында 74 қатысушыларымен облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты – мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру. Олимпиада екі тур бойынша өткізілді. 1 тур (жазбаша) – оқушылар ұсынылған тақырыпқа үш тілде эссе жазды.
2 тур (ауызша) – оқушылар берілген тақырыпқа көпшілік алдында ой білдірді.
Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Муратова Медина - II орын. Пән мұғалімдері: Абылкадирова Г.Т., Касыбаева М.Б., Искакова Д.С.,
10-сынып оқушысы Абенова Даяна- III орын. Пән мұғалімдері: Бекенова К.К., Касыбаева М.Б., Қайратова А.Қ.,
Биылғы жылғы түлегіміз Муратова Медина - 3 жыл қатарынан олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, жүлдегер атануда.


“Менің шағын Отаным” жас тарихшылар республикалық зияткерлік конкурсы
10 Б сынып оқушысы Байзолова Инабат “Менің шағын Отаным” жас тарихшылар республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінен II орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жетекшісі: Болат Сәнім Арманқызы.

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы шеңберінде «Күзгі асар»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы шеңберінде «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп - ата-ана- оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, сары алтындай сары күз мезгілінің молшылдығын көрсету. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары және ата-аналары күз айындағы көкөністер мен жемістерді түрлендірсе, бірі түрлі гербарийларды жасады. Сонымен қатар күз молшылдығының куәсі , «Ас-адамның арқауы» демекші ұннан жасалған тағамдар, «Қыс азығын жаз ойла» және Үнемді тұтынудың бір жолы қысқы уақытқа сақталған көкөністер мен жемістер де жәрмеңкеге қойылды. Іс шараға белсенділік танытқан ата-аналар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» төсбелгісінің иегерлері
5 қазан күні Естай атындағы мәдениет сарайында ұстаздарға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Облысымыздың педагогтары мен еңбек ардагерлері қатысты.
Облыс әкімі Асайын Байханов ұстаздарды құттықтап, білім беру саласына ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен мұғалімдерді марапаттады. Ы.Алтынсарин гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Окпина Бахытгүл мен Қаржасбаева Райгүл Оқу – ағарту министрлігінің «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.


Махамбет оқулары
-
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы:
«Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша Охиттан Нұриден – І орын (жетекшісі: Тұрғанбек А. С.)
«Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу бағыты бойынша Айгожина Жанерке – Құрмет грамотасы (жетекшісі: Касыбаева М. Б.)
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелденмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау бағыты бойынша Темірбек Сара – Құрмет грамотасы (жетекшісі: Окпина Б. М.)
Үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі
19 қыркүйекте үйірмелер мен секциялар жәрмеңкесі өтті. Оқушыларымыз жәрмеңке барысында 2024-2025 оқу жылына ұсынылған үйірмелерге жазылды. Әрбір үйірме және секция былтырғы жыл жетістіктерін қөрсетіп, ұсынды. Барлық оқушыларға сәттілік пен алар асулары мол болсын деп тілейміз!
