Облыстық көптілділік олимпиадасы
Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Торайғыров Университетімен бірлесе отырып 2024 жылғы 16 қазанда 9-11 сынып оқушылар арасында 74 қатысушыларымен облыстық көптілділік олимпиадасын өткізді. Олимпиаданың мақсаты – мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру. Олимпиада екі тур бойынша өткізілді. 1 тур (жазбаша) – оқушылар ұсынылған тақырыпқа үш тілде эссе жазды.
2 тур (ауызша) – оқушылар берілген тақырыпқа көпшілік алдында ой білдірді.
Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 11-сынып оқушысы Муратова Медина - II орын. Пән мұғалімдері: Абылкадирова Г.Т., Касыбаева М.Б., Искакова Д.С.,
10-сынып оқушысы Абенова Даяна- III орын. Пән мұғалімдері: Бекенова К.К., Касыбаева М.Б., Қайратова А.Қ.,
Биылғы жылғы түлегіміз Муратова Медина - 3 жыл қатарынан олимпиадада үздік нәтиже көрсетіп, жүлдегер атануда.