“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды ресми түрде қабылдау рәсімі
Қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн - Республика күні қарсаңында мектебімізде “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына оқушыларды ресми түрде қабылдау рәсімі өтті. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар ұйымға жаңадан қабылданған оқушыларға көк галстук тақты, 72 оқушы қабылданды.


