Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ММ-де дәстүрлі “Ыбырай Алтынсарин” олимпиадасы

«Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ММ-де дәстүрлі “Ыбырай Алтынсарин” олимпиадасы бесінші рет өтті. Олимпиадаға Павлодар қаласы мен облыс аудандарының 4-сынып оқушыларынан 600-ге жуық оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: ауылдағы қабілетті оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Бүгін гимназия-интернатта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып жеңімпаз оқушыларды марапаттау кеші өтті. Жеңімпаздарға демеушілеріміз тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды

Толығырақ

Орал қаласында өтіп жатқан қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған олимпиаданың Республикалық кезеңі

Орал қаласында өтіп жатқан қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған олимпиаданың Республикалық кезеңінде 11 сынып оқушымыз Хабибуллаева Аружан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша III  орын иеленді. Және осы бағытта 10 сыныптан қатысқан оқушымыз Тулеу Назираға “Дарын” РҒПО директорының Грамотасы табысталды. Оқушыларымыздың ұстаздары Гүлзина Кабдрахманқызы мен Нұрбек Майданұлын және қолдау көрсеткен ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!

Толығырақ

“Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі

“Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы:
«Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» – Мағжан шығармаларын жатқа оқу
Асылбек Исламбек 8–сынып оқушысы III орын иегері. Жетекшісі: Касыбаева М.Б
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған » – жас ақындар сайысы 9 – сынып оқушысы
Қайрат Алдияр III орын иегері. Жетекшісі: Тұрғанбек А.С
«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» – ғылыми жоба жұмысын қорғау 6–сынып оқушысы
Бекіш Айзере II орын иегері. Жетекшісі: Окпина Б. М
Жүлдегерлерді құттықтаймыз

Толығырақ

Гимназиямыздың география пәні мұғалімі Даурен Шарипов “Navruz Youth World Festival” жастар фестивалінің ашылуында Қазақстан делегациясының атынан сөз сөйледі.

Қазақстан дауысы халықаралық аренада!
Гимназиямыздың география пәні мұғалімі Даурен Шарипов “Navruz Youth World Festival” жастар фестивалінің ашылуында Қазақстан делегациясының атынан сөз сөйледі. 
Фестиваль Наурыз мейрамын атап өту аясында ұйымдастырылып, 26-дан астам елдің өкілдерін, сондай-ақ БҰҰ мен ШЫҰ сарапшыларын біріктірді. Қатысушылар мәдени байланыстарды нығайтып, тұрақты даму мен ынтымақтастықты талқылады. Даурен Шарипов өз сөзінде білімнің, диалог пен серіктестіктің маңызын атап өтіп, жастарды ортақ бастамаларды дамытуға шақырды. Осындай беделді алаңда Қазақстанның атынан сөз сөйлеу – үлкен мәртебе.

 

Толығырақ

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған "Дарабоз" атты ұлттық салт-дәстүрді насихаттау

8 наурыз күні Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған "Дарабоз" атты ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда, қамшы өруден сайыс өтті.
I орынға ие болған 10-сынып оқушысы Амирханов Бижанды және Алғыс хатпен марапатталған Құрманбай Әнуарды құттықтаймыз!
Жетекшісі: Ахметов Қайыржан Ахметович

 

Толығырақ

Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған “Әбіш оқулары” республикалық ғылыми - шығармашылық конкурсыны

2025 жылғы 14 наурызда 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған “Әбіш оқулары” республикалық ғылыми - шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Облыстық “Әбіш оқулары” байқауының қорытындысы:
Зерделеу жоба байқауынан II Темірбек Сара
Мәнерлеп оқу бағытында II Хамзин Мади
Иллюстрациялық суреттер бойынша III Ерғанат Аңсарым
Әбіш Кекілбаев шығармалары бойынша сахналық көріністен команда: Камалиденов Ануар, Ардагелдіқызы Айшабегім, Мұсайлла Ақбота, Ерболқызы Айя, Болат Ермұрат қатысып, II орын иеленді.

Толығырақ

Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат пен Cyberpack компаниясы арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандум

2025 жылғы 27 ақпанда гимназиямызға білім алған оқушылар келіп,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат пен Cyberpack компаниясы арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды. Бұрыңғы интернат оқушылары қазіргі таңда ІТ стартапшылар, Қазақстан көлемінде STEM роботехника бағытында жұмыс жасап жүрген азаматтар. Бұл меморандум екі тараптың серіктестігін нығайтуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Толығырақ

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы

Ақтөбе қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математика бағыты бойынша жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 


”Математика”секциясы бойынша:
III дәрежелі диплом
Болатов Ильяс - 11 сынып
Жусупов Даниял - 11 сынып

Толығырақ

«Zhuldyz Art Kazakhstan» көпжанрлы халықаралық байқауы

Гимназиямыздың өнерлі оқушыларынан құралған “Алау” тобы «Zhuldyz Art Kazakhstan» көпжанрлы халықаралық байқауына қатысып, “Вокал” номинациясы бойынша ????орынды жеңіп алды. Оқушыларымызға Түркия, Дубай, Ташкент, Қырғыстан (Ыстықкөл) елдеріне жолдама табысталды. 

Толығырақ

2-7 сынып оқушылары арасында ХХ «Зерде» республикалық конкурсы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында ұйымдастырған 2-7 сынып оқушылары арасында ХХ «Зерде» республикалық конкурсы Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» орталығында өтті. Байқауға жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, химия, биология, информатика, робототехника, STEM инженерия және басқа секциялар бойынша 265 оқушы 212 жобамен қатысты. Нәтижесінде 5-сынып оқушылары Құрманбай Ернұр мен Төлеубек Музаффар ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Амренова Айнагуль Сарсембаевна. 

Толығырақ