2-7 сынып оқушылары арасында ХХ «Зерде» республикалық конкурсы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында ұйымдастырған 2-7 сынып оқушылары арасында ХХ «Зерде» республикалық конкурсы Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» орталығында өтті. Байқауға жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, химия, биология, информатика, робототехника, STEM инженерия және басқа секциялар бойынша 265 оқушы 212 жобамен қатысты. Нәтижесінде 5-сынып оқушылары Құрманбай Ернұр мен Төлеубек Музаффар ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Амренова Айнагуль Сарсембаевна.