Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Гимназиямыздың география пәні мұғалімі Даурен Шарипов “Navruz Youth World Festival” жастар фестивалінің ашылуында Қазақстан делегациясының атынан сөз сөйледі.

Қазақстан дауысы халықаралық аренада!
Гимназиямыздың география пәні мұғалімі Даурен Шарипов “Navruz Youth World Festival” жастар фестивалінің ашылуында Қазақстан делегациясының атынан сөз сөйледі. 
Фестиваль Наурыз мейрамын атап өту аясында ұйымдастырылып, 26-дан астам елдің өкілдерін, сондай-ақ БҰҰ мен ШЫҰ сарапшыларын біріктірді. Қатысушылар мәдени байланыстарды нығайтып, тұрақты даму мен ынтымақтастықты талқылады. Даурен Шарипов өз сөзінде білімнің, диалог пен серіктестіктің маңызын атап өтіп, жастарды ортақ бастамаларды дамытуға шақырды. Осындай беделді алаңда Қазақстанның атынан сөз сөйлеу – үлкен мәртебе.