Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Облыстық «М. Мақатаев оқулары» конкурсы

Облыстық «М. Мақатаев оқулары» конкурсының жүлдегерлері:

ІІ дәрежелі диплом
7-сынып оқушысы Қусаинов Айбек
(мұғалімі: Зылгарин Н. М.)

ІІІ дәрежелі диплом
7-сынып оқушысы Қажыақын Қайсар

 

 

 

Толығырақ

«Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында ерекше форматтағы «ALTYN TIME» Жанды кітапханасы өтті

8 қараша күні «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығында ерекше форматтағы «ALTYN TIME» Жанды кітапханасы өтті. Бұл шара – белсенді жасөспірімдерді және тәжірибесімен бөлісуге дайын өңіріміздің талантты тұлғаларын табыстыратын бірегей платформа.
Жанды кітапхана форматының ерекшелігі – қонақтар дайын баяндама емес, шынайы өмірден алынған оқиғаларды, жеңіс пен жеңілістен тұрған тәжірибені, еңбек пен жігердің тарихын өз иелерінен тыңдайды. Әр қатысушы өмір жолы арқылы кітапқа айналған жастармен тікелей сұхбаттасып, сұрақтарын қойып, мотивация алды.
Шараның кейіпкерлері – «5 жанды кітап»
Биылғы үздіктер арасында өңіріміздің мақтанышы саналатын бес жасөспірім бар:
* Қасымов Бекзат – екі дүркін бокстан облыс чемпионы, республикалық турнирлердің жеңімпазы.
* Қасимов Данат – халықаралық робототехника әлеміндегі Қазақстанның мақтанышы, Хьюстонда өткен әлем чемпионатының кубок иегері.
* Жанаспаева Дария – робототехникадан облыстық, республикалық, халықаралық бәйгелердің абсолютті чемпионы.
* Әлиев Диас – UNICEF және БҰҰ волонтері, SDG клубының белсендісі.
* Баршынбай Мейіржан – республикалық айтыстардың жеңімпазы, жас ақын.
Әр 10 минут сайын спикерлер жаңа топқа ауысып, әрбір қатысушы барлық бес тұлғамен жеке сөйлесуге мүмкіндік алды. Бұл формат жастарға тек ақпарат емес, нақты тәжірибе, шабыт және жаңа көзқарас сыйлады.
Шығармашылық атмосфераны қағазға түсірген шебер
Іс-шара барысында орталықтың ерекше алаңы – бейнелеу өнері студиясы жұмыс істеді.
Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Тулеев Тұрар Түсіпұлы шараның атмосферасын қағазға түсіріп, әр спикерге арнап эксклюзивті портрет дайындады. Бұл – қатысушыларға да, кейіпкерлерге де ұмытылмас сый болды.
ALTYN TIME – шабыт пен серпіліс алаңы
Жанды кітапхана жастар қауымдастығы үшін жаңа формат қана емес, ойлануға, мотивация алуға және өз жолына деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік беретін ашық алаңға айналды.

 

Толығырақ

Облыстық «Толғауы тоқсан қызыл тіл» жастар мүшәйрасы

Облыстық «Толғауы тоқсан қызыл тіл» жастар мүшәйрасында жүлделі II орынға ие болған Қайрат Алдиярды құттықтаймыз!
Оқушының шығармашылығын шыңдауда жетекшісі — Тұрғанбек Асығат Сәулетұлының еңбегі зор.

 

Толығырақ

орайғыров университетінің 65 жылдық мерейтойы аясында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық өркениеттегі Қазақстан жастарының миссиясы»

Торайғыров университетінің 65 жылдық мерейтойы аясында Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық өркениеттегі Қазақстан жастарының миссиясы» атты эссе байқауында 11 «Б» сынып оқушысы Дюсембай Нурия жоғары нәтиже көрсетіп, II орынға ие болды. Құттықтаймыз!

 

Толығырақ

«Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысы

Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен «Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысында Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Мейіржан Баршынбай ІІ орын иеленді.

Бұл оқушылар арасындағы айтыс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «El Umiti» корпоративтік қоры және «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» бірлесуімен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды.

Айтыс Астана қаласындағы Е.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.

 

 

Толығырақ

8–11 сынып оқушылары арасындағы шығармашыл жастарға арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі

8–11 сынып оқушылары арасындағы шығармашыл жастарға арналған «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті!

 Байқау нәтижесі бойынша:

I орын Баршинбаев Мейржан (жетекшісі – Тұрғанбек А.С.)
I орын Қайрат Алдияр (жетекшісі – Тұрғанбек А.С.)
II орын Сатенова Фарида (жетекшісі – Окпина Б.М.)
II орын Қуаныш Аяжан (жетекшісі – Ахметова Г.К.)
III орын Болатжан Інжуна (жетекшісі – Касыбаева М.Б.)



Жас өнерпаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Толығырақ

«*JasREPUBLICCup*» аймақтық іріктеу турнирі

«*JasREPUBLICCup*» аймақтық іріктеу турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, *екінші орын* иеленген:

 *Темірбек Сара*
 *Закерия Мұртаза*
 *Біржан Жансұлу*

жас пікірсайысшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

 Сонымен қатар, *Біржан Жансұлу* – «*Үздік спикер*» номинациясының жеңімпазы атанды!
Жетекшісі: Кәрімжан Ж.Т.

Бұл — білімге, логикаға және шешендікке құрылған үлкен жетістік! 

Жас көшбасшыларымызға алдағы дебаттарда сәттілік пен шабыт тілейміз! 

Толығырақ

8–10 сынып оқушылары арасындағы «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауы

8–10 сынып оқушылары арасындағы «Жас экорепортер» облыстық экологиялық байқауының қорытындысы:

Ардагелдіқызы Айшабегім мен Азамат Дария –  II орын (жетекшісі: Ардагелдіқызы А.)
Шорман Еркежан –  III орын (жетекшісі: Касамбаева А.Л.)
Қалел Фарида мен Айтмұхан Амира –  III орын (жетекшісі: Рысқұлбек М.Е.)

Барлық жеңімпаздар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз! Экологиялық мәдениетті дамыту жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!

Толығырақ

С. Торайғыров кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» повесі бойынша «Жанды кітап» жобасы аясында әдеби іс-шара

5 мамыр күні С. Торайғыров кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» повесі бойынша «Жанды кітап» жобасы аясында әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармашылығы талқыланып, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 «б» сынып оқушылары Джартыбаева А.Ж. және мектеп кітапханашысы Қайырова Д.К жетекшілігімен «Ұшқан ұя» шығармасынан сахналық қойылым қойды.Оқушыларымыз белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ

Жастар арасында Абай мұрасын насихаттау

Жастар арасында Абай мұрасын насихаттау, қазақ халқының әдеби мұрасына деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды нығайту мақсатында өткен «Абай мұрасы - ұрпаққа аманат» атты Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқуға арналған республикалық байқаудың жеңімпаздары: Татенова Дильназ, Болатжан Інжуна, Мұхтаров Саят, Серік Ақмейір

Толығырақ