«Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысы
Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысы
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен «Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысында Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11-сынып оқушысы Мейіржан Баршынбай ІІ орын иеленді.
Бұл оқушылар арасындағы айтыс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «El Umiti» корпоративтік қоры және «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» бірлесуімен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды.
Айтыс Астана қаласындағы Е.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті.

