С. Торайғыров кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» повесі бойынша «Жанды кітап» жобасы аясында әдеби іс-шара
5 мамыр күні С. Торайғыров кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» повесі бойынша «Жанды кітап» жобасы аясында әдеби іс-шара ұйымдастырылды. Жазушының өмірі мен шығармашылығы талқыланып, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 8 «б» сынып оқушылары Джартыбаева А.Ж. және мектеп кітапханашысы Қайырова Д.К жетекшілігімен «Ұшқан ұя» шығармасынан сахналық қойылым қойды.Оқушыларымыз белсенділік танытқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

