«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» төсбелгісінің иегерлері
5 қазан күні Естай атындағы мәдениет сарайында ұстаздарға арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Облысымыздың педагогтары мен еңбек ардагерлері қатысты.
Облыс әкімі Асайын Байханов ұстаздарды құттықтап, білім беру саласына ұзақ жылдар бойы адал еңбек еткен мұғалімдерді марапаттады. Ы.Алтынсарин гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Окпина Бахытгүл мен Қаржасбаева Райгүл Оқу – ағарту министрлігінің «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз.