Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 22-24 қазан күндері Астана қаласында қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері үшін «Оқушыларды гуманитарлық цикл пәндері бойынша олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқу семинарын өткізді.

 

Осы семинар барысында 23 қазан күні мектебіміздің мұғалімдері «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатысып, нәтижесінде орыс тілі пәнінің мұғалімі Бекенова Қорлан 1-орын, орыс тілі пәні мұғалімі Құдайбергенова Гүлдана 3-орын, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері Касыбаева Майра және Зылгарин Нұрбек Грамотамен марапатталды.