«Еңбегі адал жас өрен» жобасы шеңберінде «Күзгі асар»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы шеңберінде «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мақсаты: мектеп - ата-ана- оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, сары алтындай сары күз мезгілінің молшылдығын көрсету. Жәрмеңкеге мектеп оқушылары және ата-аналары күз айындағы көкөністер мен жемістерді түрлендірсе, бірі түрлі гербарийларды жасады. Сонымен қатар күз молшылдығының куәсі , «Ас-адамның арқауы» демекші ұннан жасалған тағамдар, «Қыс азығын жаз ойла» және Үнемді тұтынудың бір жолы қысқы уақытқа сақталған көкөністер мен жемістер де жәрмеңкеге қойылды. Іс шараға белсенділік танытқан ата-аналар мен оқушыларға алғысымызды білдіреміз.

