8 Наурыз мерекесі
8 наурыз — Халықаралық аналар күніне орай ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.
⠀Инстаграм парақшамызға сілтеме
Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар! Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!
⠀
Меркелеріңізбен!
Республикалық ғылыми жобалар сайысы - 2024 ( Тараз қаласы)
Республикалық ғылыми жобалар сайысы - 2024 ( Тараз қаласы)
⠀
ІІІ орын: «Қолданбалы математика секциясы» бойынша 11-сынып оқушылары Бақтыбаев Нұрасыл., Көбей Нұрсауле.
⠀
Жетекшісі: Оразбаева К.К.
⠀
ІІІ орын: «Математика секциясы» бойынша 9-сынып оқушылары Серікпай Сулейман., Абылғазы Ернар
⠀
Жетекшісі: Амренова А.С.
Алғыс айту күні
1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.
Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
Алғыс айту күніне орай мектебіміздің оқушылары ұстаздарына алғысын білдірді.
"Таза ауа - жанға дауа" денсаулық күні
Алтынсарин оқушылары «Зеленая роща» шаңғы базасында қысқы спорт ойындарын ойнап қайтты.
Оған қоса тәтті тоқаштар мен ыстық шай ішіп, таза ауада өзара эстафета ойындарында бақ сынады.
Керемет кештен естелік
https://www.instagram.com/p/C37i7HotpsMUVNqnxiLm3x6tp17WcqvWl6CIcg0/?hl=ru
Әбіш оқулары
Осы аптада өткен, облыстық «Әбіш оқуларында» мектеп намысын қорғаған оқушылар жеңімпаз атанды. Олар:
«Көркемсөз оқу» бағыты бойынша:
Жұмабай Қосман – І-ші дәрежелі диплом.
«Иллюстрациялық сурет» бағыты бойынша:
Исеева Анель – ІІІ-ші дәрежелі диплом.
«Ғылыми жоба» бағыты бойынша:
Темірбек Сара – ІІІ-ші дәрежелі диплом;
Шәкен Айманов оқулары
l облыстық «Шәкен Айманов оқулары» байқауында
⠀
I орынды жеңіп алған Ерғанат Аңсарым. Жетекшісі: Байрон М.Ж.
III орын Қаратай Асанәлі. Жетекшісі: Окпина Б.М.
"Өзекті сұрақ, ұтымды жауап" атты ой-таным сайысы
Бүгін мектебімізде серіктес мектептер арасында «Өзекті сұрақ, ұтымды жауап атты» ой-таным сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің 9–10-сынып оқушылары қатысты.
Бұл шараның негізгі мақсаты серіктес мектептер арасында қарым-қатынасын нығайту. Оқушылардың білімдерін арттыру. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Жалпы сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең: «Суреттер сөйлейді» деп аталады. Бұл сайыста оқушыларға ұлттық киімдер суреттер арқылы жасырылды.
2-кезеңде Бейнесұрақтар арқылы оқушылар салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап берді.
Ал, 3-кезеңде оқушыларға ұлттық ойын түрлері беріліп, қатысушылар қай ойын шартының қай ойынға тиесілі екендігін анықтады.
Әрбір таңдалған ұяшықтарға дұрыс жауап беруіне байланысты оқушыларға ұпай берілді.
3900 ұпаймен оқ бойы озық болып Химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 1-орынды иеленді.
2900 ұпаймен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия интернаты 2-орын алса, ал Моңғолия мемлекетінің Зайд жалпы білім беретін толық орта мектебі 3-орынды 2600 ұпаймен қанжығаларына байлады.
Сайыс соңында ортақ фотоға жасалып, жақсы кері байланыс болды.
Шәкәрім оқуларының қорытындысы
Шәкәрім оқуларының қорытындысы:
⠀
І орын: Охиттан Нұриден 10-сынып оқушысы жетекшісі: Тұрғанбек А.С.
⠀
І орын: Жұмабай Қосман 10-сынып оқушысы жетекшісі: Қаржасбаева Р.Ж.
⠀
ІІІ орын:Кобей Нұрсәуле 11-сынып оқушысы жетекшісі: Ахметова Г.Қ.
5-сыныпқа қабылдау
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия
5-сыныпқа оқушыларды қабылдайды.
⠀
Тіркелу мерзімі: 1 ақпан - 15 сәуір
⠀
Тест сұрақтары:
⠀
Математика, логика (30 сұрақ)
Оқу сауаттылығы (10 сұрақ)
Емтихан уақыты 60 минут
8 (7182) 64-28-35
Онлайн тіркелу: qabyldau.daryn.kz
«First Lego League Challenge» сайысы
Алматы қаласында Республикалық деңгейде облыстық дарынды мектептер арасында өткен «First Lego League Challenge» сайысына қатысып, жоғары дәрежелі сертификатпен марапатталған оқушыларымызды құттықтаймыз.
⠀
Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!
