2023-2024 оқу жылына конкурс нәтижесі бойынша 5-сыныпқа қабылданған оқушылар тізімі.
2023-2024 оқу жылына конкурс нәтижесі бойынша 5-сыныпқа қабылданған оқушылар тізімі.
Мәшhүр Жүсіп оқулары
III республикалық «Мәшhүр Жүсіп оқуларының» «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағытында:
2-орынды иеленген гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Қабдолла Ризаны құттықтаймыз.
Жетекшісі: Ахметова Г.К.
Жеңіс күніне арналған облыстық акварельдік кескіндеме конкурсы
Құттықтаймыз!
Жеңіс күніне арналған облыстық акварельдік кескіндеме конкурсында:
1-орынды иеленген Тлеуғабыл Жанельді жеңісімен құттықтаймыз.
Жетекшісі: Асаинов Б.Н.
Ас адамның арқауы
10 мамыр күні 10«б» сыныбында «Дұрыс тамақтану- үздік білім алудың жолы» тақырыбында, дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында сынып сағаты өткізілді.
"Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" сынып сағаты
Оныншы мамыр күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 «А» сыныбында «Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы» тақырыбында, тамақтанудың дұрыс ережесін көрсете отырып, оқушылар арасында уақытылы тамақтануды қалыптастыру, оқушылардың ой-өрістерін дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында сынып сағаты өткізілді.
Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы
10 мамыр күні 8«ә» сыныбында «Дұрыс тамақтану- үздік білім алудың жолы» тақырыбында, дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында сынып сағаты өткізілді.
Күнделікті өмірде дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі, яғни дұрыс тамақтанған адамның денсаулығы жақсы болады. «Ас адамның арқауы» деп халық бекер айтпаған. Дұрыс тамақтанбаған адамның көңіл-күйі, оқуға ынтасы төмендейді.
Сабақтың қорытынды бөлімінде балалар жалпы дұрыс тамақтану деген, яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына зиянды екені жайлы ақпраттарды бойларына сіңірген болды.
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
5-7 сыныптарда “Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі”, 8-11 сыныптарда "Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" атты тәрбие сағаттары өткізілді. Дұрыс тамақтанудың пайдалы және зиянды әдістері талқыланды. Видео роликтер көрсетілді. Жұмбақтар қойылды
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты
2023 жылы 4 мамырда сағат 11.00-де Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өткізілді. Мектеп бойынша диктант жазуға 5-10 сыныптың 338 оқушысы, 27 мұғалім қатысты.
⠀
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
⠀
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
5-сыныпқа қабылдау емтиханы 13 мамыр күні өтетіні туралы хабарлаймыз.
5-сыныпқа қабылдау емтиханы 13 мамыр күні өтетіні туралы хабарлаймыз.
