Ас адамның арқауы
10 мамыр күні 10«б» сыныбында «Дұрыс тамақтану- үздік білім алудың жолы» тақырыбында, дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында сынып сағаты өткізілді.
Күнделікті өмірде дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі, яғни дұрыс тамақтанған адамның денсаулығы жақсы болады. «Ас адамның арқауы» деп халық бекер айтпаған. Дұрыс тамақтанбаған адамның көңіл-күйі, оқуға ынтасы төмендейді.
Сабақтың қорытынды бөлімінде балалар жалпы дұрыс тамақтану деген, яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына зиянды екені жайлы ақпраттарды бойларына сіңірген болды.