Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

"Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы" сынып сағаты

Оныншы мамыр күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 «А» сыныбында «Дұрыс тамақтану - үздік білім алудың жолы» тақырыбында, тамақтанудың дұрыс ережесін көрсете отырып, оқушылар арасында уақытылы тамақтануды қалыптастыру, оқушылардың ой-өрістерін дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында сынып сағаты өткізілді.

Күнделікті өмірде тамақтану әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Әсіресе жасөспірім үшін маңызы зор. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген екен.

Бүгінгі сабағымызда балалар күтілетін нәтижелерге жеткені байқалады. Тәрбие сағатымыздың қорытынды бөлімінде балалар тамақтанудың ережерімен танысып, өздеріне керек ақпараттарды түйіп алды.Тәрбие сағаты жас өспірімдердің тамақтану рационын сақтауға тәрбиеледі.