«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты
2023 жылы 4 мамырда сағат 11.00-де Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өткізілді. Мектеп бойынша диктант жазуға 5-10 сыныптың 338 оқушысы, 27 мұғалім қатысты.
⠀
Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.
⠀
Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.