"Өзекті сұрақ, ұтымды жауап" атты ой-таным сайысы
Бүгін мектебімізде серіктес мектептер арасында «Өзекті сұрақ, ұтымды жауап атты» ой-таным сайысы өтті. Сайысқа мектебіміздің 9–10-сынып оқушылары қатысты.
Бұл шараның негізгі мақсаты серіктес мектептер арасында қарым-қатынасын нығайту. Оқушылардың білімдерін арттыру. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Жалпы сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең: «Суреттер сөйлейді» деп аталады. Бұл сайыста оқушыларға ұлттық киімдер суреттер арқылы жасырылды.
2-кезеңде Бейнесұрақтар арқылы оқушылар салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап берді.
Ал, 3-кезеңде оқушыларға ұлттық ойын түрлері беріліп, қатысушылар қай ойын шартының қай ойынға тиесілі екендігін анықтады.
Әрбір таңдалған ұяшықтарға дұрыс жауап беруіне байланысты оқушыларға ұпай берілді.
3900 ұпаймен оқ бойы озық болып Химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 1-орынды иеленді.
2900 ұпаймен Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия интернаты 2-орын алса, ал Моңғолия мемлекетінің Зайд жалпы білім беретін толық орта мектебі 3-орынды 2600 ұпаймен қанжығаларына байлады.
Сайыс соңында ортақ фотоға жасалып, жақсы кері байланыс болды.