Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбындағы тәрбие сағаты

21 қарашада мектеп кітапханасында «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаты  өтті.  Тәрбие сағатына 5-8-сынып оқушылары белсенділік танытты. Оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізе білді. Нәтижесінде  тақырып кеңінен талқыланды. Арнайы көрсетілген бейнероликтерді талдап, өз көзқарастарын білдірді. Әр топ бірлесе отырып, «Бейбітшіл ел - Қазақстан» моделін жасады. Жауапты: 7 «б»-сынып тәрбиешісі Мұсабекова А.К.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ – ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

   

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН

САҚ БОЛЫҢЫЗ!

 

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Олардың жақтастары:

  • Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
  • зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;
  • мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
  • мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;
  • дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
  • заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.) орындаудан бас тартады;медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.

     

     

 

Толығырақ

ҚАЗАҚИ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балалрға арналған облыстық қазақ гимназия –интернатының қазақи ұлттық тәрбие мен білім берудің тұжырымдамасы

қазақи ұлттық тәрбие тұжырымдамасы

Толығырақ