Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Біз біргеміз! «Алғыс пакеттерін» тарату акциясы

Коронавирусқа қарсы дәрігерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Алғыс пакеттерін» тарату акциясына мектеп директоры бастаған ұжым да атсалысып №3 Павлодар қалалық ауруханасының дәрігерлеріне қолдау көрсетті.

Толығырақ

Google Forms тиімді тұстары

Облысымыздағы аудан мектептерін қолдау және кәсіби педагогикалық өзара іс-әрекет шеберлік жұмыстарын іске асыру мақсатында Алтынсарин гимназиясы мен Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.
Толығырақ

Ұстаздың балаға, баланың ұстазға деген мейірімі

Өздеріңіз білетіндей елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқу жүйесіне көшкен болатынбыз. ⠀Содан бері жас өрендеріміз бен ұстаздарымызды гимназиямыздың тыныс-тіршілігі сағындыртқаны рас. ⠀Ұстаздың балаға, баланың ұстазға деген мейірімін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ал, ата-ананың мектепке деген жаңашырлығы тіпті бөлек. ⠀Осы ретте мектеп директоры мен ұстаздарымыз және ата-аналарымыз ұлттық киімдерін киіп, бір-біріне деген жылы лебіздерін тамаша жыр жолдарымен жеткізуде.

Толығырақ

«Тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері» атты вебинар

     29.04.20 ж. гимназиямыздың  және ауданның қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән  ұстаздарына арналған «Тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері» атты вебинар Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп өткізілді. Вебинарда тренер, білікті маман Айман Ибраева аталмыш сұрақ төңірегінде ұстаздарға нақты бағыт-бағдар көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Толығырақ

Адалдық сағаттары

      Өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын сіңіру мақсатында гимназиямыздың оқушыларымен қашықтықта "Адалдық сағаттары" ұйымдастырылды. Онда оқушылар жемқорлыққа қарсы екендіктері туралы өз ойларын бейнежазбаға түсіріп, әділдікті ту еткен кемеңгерлердің туралығын жан-жақты айтып өтті. Тіпті, сыбайлас жемқорлықтың кері әсері туралы шағын бейнематериал дайындап, бізбен бөлісуде. Адалдық пен әділдікті шамшырақ еткен оқушыларымыздың еңбектерін бағалап қойыңыздар.

Толығырақ

Адалдық-адамдық белгісі

"Адалдық-адамдық белгісі"-деген сөздің астарында көп мағынаның бары айқын. Адам бойында парасаттылық пен ақылдылық басым болса, рухани болмысы да соған қарай бекімек. Осы орайда 10"б"-сынып оқушылары адалдық деген ұғымның өрісін кеңейтіп, арнайы дайындаған бейнежазбаларын оқырмандарымызға жолдауда.

 

Видео

Толығырақ

Қызға қырық үйден тыйым

     "Қызға қырық үйден тыйым" деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Бұл сөздің астарында үлкен мән мағына бары сөзсіз. Қазақ халқы ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аялап отырған бұрымды қыздары мен тұлымды ұлдарының тәрбиесін бірінші орынға қойған.
     Гммназиямызда білім алып жатқан қыздарымыздың да тәрбиесі басты назарда. Осы тұрғыда "Нұр Ана" орталығының ақ жаулықты әжелерімен "Әжелер сөзі - ақылдың көзі" атты кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында әжелереміз тағылымға толы ақыл-кеңестерімен бөлісіп, керемет кештің куәсі болып қайтты.

Толығырақ

Абай атамыздың 175 жылдығына орай 7-сынып оқушылары арасындағы дөңгелек үстел

     Абай Құнанбайұлының поэзиясының ауқымын кеңінен тарқатып зерделеу оңай шаруа емес. Абайдың әрі лирикалық, әрі философиялық өлеңдерін оқи отыра әлемге жаңаша көзбен қарауды үйренеміз. Келешек ұрпақты білім мен ғылымға жақын қылып өсіруде тәрбиені қатар бойларына сіңіру ұстаздық борышымыз екенін де сезінеміз. Осы тұрғыда Абай атамыздың 175 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шара барысында ұлы ақынның қара сөздерінің мән мағынасын ашып тағылымға толы ойларының басты идеясына тоқталып 7-сынып оқушылары дөңгелек үстелде өз білімдерін ортаға салды.
      Абайдың сыршылдығы мен сыншылдығын тану үшін де осындай игі шараларды өткізуді жөн санап, мектеп ішінде әр аптаның сәрсенбісінде Абай (Ибраhим) атамыздың сыр сандығынан ақыл парасат дейтұғын баға жетпес байлықты ақтарып, оқушыларымызбен бөлісудеміз. Біз Абайды тану арқылы, әлемді танитынымызды ұмытпайық.


Өз тілшіміз

Толығырақ

"Туады ерлер ел үшін..." атты Мұрат Әбдірахмановты еске алу кеші

     Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен гимназиямызда "Туады ерлер ел үшін..." атты Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан атақты татар ақыны Мұса Жәлелдің және жерлесіміз, ақын, дарынды аудармашы Мұрат Әбдірахмановты еске алу кеші ұйымдастырылды.
⠀     Бұл іс-шара Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойымен сабақтасты. Кеңес Одағының батыры Мұса Жәлелдің фашистер тұтқынында жүргізген "Моабит дәптері" атты күнделігіндегі өлеңдерді қазақ тілінде аударған Мұрат Мұсайбекұлы Әбдірахманов ағамыз болатын.
⠀    Кеш барысында Мұрат Мұсайбекұлының аударма жұмыстары мен арнайы құрылған көрме таныстырылды. Ал, кеш соңында Нұр-Сұлтан қаласынан келген Мұрат Мұсайбекұлының жұбайы мектеп директоры Шоқан Түймебайұлына Мұса Жәлелдің кітабын сыйға тартты.

Өз тілшіміз

Толығырақ

"Жеңіс метрономы" эстафетасы

     Ұлы жеңіс-ұрпаққа аманат. Ұлы жеңісті дәріптеп, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларды әспеттеу борышымыз. Бүгінгі ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектебімізде Ұлы Жеңістін 75 жылдығына арналып іс-шара өткізілді. Шара барысында оқушылар батыр бабаларымызға арналып шығарылған жыр жолдарын жолдап, жеңіс әнін шырқап бейбіт елдің ұландары екендіктерін мақтанышпен жеткізді.
     Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатынан "Жеңіс метрономы" эстафетасын қабыл алып, мамандандырылған әскери-мектеп интернатына жолдаймыз.

Өз тілшіміз

Толығырақ