Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

7"б"-сынып оқушыларымен "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты әдеби-музыкалық тәрбие сағаты

     Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналып, 7"б"-сынып оқушыларымен "Абай-дана, Абай-дара қазақта" атты әдеби-музыкалық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағатында оқушыларымыздың бірі Абайды, ал бірі Ұлжан анамызды сомдап сахналық қойылым көрсетті. Абай атамыздың рөлін сомдап көрерменге ерекше әсер сыйлаған таланттыларымыз қошеметке бөленді. Сондай-ақ, кеш барысында жазба әдебиетінің негізін салушы Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығынан үзінділер сахналық қойылым кезінде ел назарына ұсынылды. Тәрбие сағатына жиылған ата-аналарымыз да өз балаларының өнерлеріне тәнті болып, керемет кештің куәсі болғандарын жеткізді.

Өз тілшіміз

Толығырақ

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы

     Әділдік, әдептілік, жауапкершілік, ар-намыс сияқты адами қасиеттерді қамтитын парасаттылық адалдықпен тоғысатын ұғым. Аталған құндылықтарды қоғамда насихаттау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыда мектебімізде сыбайлас жемқорлықтан өскелең ұрпақтың бойын алшақ ұстатып, бойларына адалдық дәнін шашып егу арқылы адалдыққа тәрбиелеу біздің мақсат.
⠀    Осыған байланысты адалдық сағатымызға арнайы "Халық радиосының" директоры, "Бас редакторлар" клубының төрағасы, "ЖЕБЕ" қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы Сманов Жұмабек Өркенұлын шақырдық. Тәрбие сағатына 5-8-10 сынып оқушылары қатысып, тақырып аясында пікірталас ұйымдастырып, ғибратты әңгімелерге қанық болып қайтты.

Өз тілшіміз.

Толығырақ

Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы

Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына орай гимназиямызда бірқатар сыныптар арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріліп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлғалық қасиеттері айтылды. Тәрбие сағатының барысында Отырар қаласында ұлы ұстаз атанып, әлемге есімі мәлім болған Әл-Фарабидың көзқарасы Абай Құнанбаевпен де үндесетініне оқушылар көз жеткізді. Екінші ұстаз атанған Әл-Фараби туралы оқушылар қосымша ақпарат алу арқылы бойларына рухани азық жинады.

Өз тілшіміз

Толығырақ

"Абай мұрасы - халық ұлағаты" дөңгелек үстел

     Ұлы ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай мектебімізде ақынның қара сөздерінің сипатына тоқталып, тақырыптық жағынан талдау жұмыстары "Абай мұрасы - халық ұлағаты" деген атаумен дөңгелек үстел үстінде жалғасты. Естеріңізде болса өткен апта Абайдың бірінші, екінші және үшінші қара сөздерін 5 а, б -сынып оқушылары мектеп кітапханасында талдаған болатын. Бұл жолы ақынның төртінші, бесінші қара сөздерін 5 б, в- сынып оқушылары жаттап келіп, ондағы адамгершілік пен ізгілікті дәріптейтін сөздерге тоқталды. Иә, бұл керемет бастама оқушыларымыздың ой-саналарын дамытып, бойларына рухани азық берері айқын. Шара соңында мектеп оқушылары кітапхана қорына бағалы кітаптарды табыстап, ақын өлеңдерінен тарту

Толығырақ

"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты интелектуалды сайыс

     Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып гимназиямызда "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" атты интелектуалды сайыс 8-сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайысқа әр сыныптан үш оқушы қатысып, 3 кезең бойынша тартысқа түсті. Түрлі викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы оқушыларымыздың ой ұшқырлықтары ұшталып қалғандай. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш сайыстың берері мол екендігіне сенеміз.

Толығырақ

Еріктілер жылы

     Prezıdentіmіz Qasym-Jomart Toqaev óz joldaýynda aıtqandaı 2020-jyl "Erіktіler jyly" dep jarııalandy. Álem halqynyń 970 mıllıony volonter bolsa, onyń іshіnde árbіr segіzіnshі qazaqstandyq erіktіler qataryn tolyqtyrýda. Bul degen erіktіlerdіń sany artyp kele jatqandyǵynyń dálelі.
⠀     Osyǵan sáıkes mektebіmіzdegі "Jas Ulan" uıymynyń belsendіlerі qala turǵyndarynan bіrqatar suraqtar qoıý arqyly saýalnama júrgіzіp kórdі. Tolyǵyraq beınematerıaldan kóresіzder.
_______________________________________
      Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында айтқандай 2020-жыл "Еріктілер жылы" деп жарияланды. Әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда. Бұл деген еріктілердің саны артып келе жатқандығының дәлелі.⠀
     Осыған сәйкес мектебіміздегі "Жас Ұлан" ұйымының белсенділері қала тұрғындарынан бірқатар сұрақтар қою арқылы сауалнама жүргізіп көрді. Толығырақ бейнематериалдан көресіздер.

Толығырақ

"Қазақ ақындары туған тілімізді жырлайды" атты әдеби-музыкалық кеш

    Altyn uıamyzda qazaq tіlіnіń memlekettіk tіl mártebesіne ıe bolǵanyna 30 jyl tolýyna oraı "Qazaq aqyndary týǵan tіlіmіzdі jyrdaıdy" atty ádebı-mýzykalyq kesh uıymdastyryldy. Ádebı keshke mektep oqýshylary men qatar ustazdar da qatysty. Sondaı-aq arnaıy shaqyrylǵan syıly qonaqtarymyzda keldі.
⠀     Kesh barysynda poezııa janryndaǵy óleńder oqylyp, patrıottyq ánder shyrqaldy. Kesh sońynda qatysýshlarǵa "Aqsaqaldar taǵylymy" qoǵamdyq bіrlestіgіnіńbіrlestіgіnіń atynan alǵys hattar tabystaldy.
__________________________________
      Алтын ұямызда қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30 жыл толуына орай "Қазақ ақындары туған тілімізді жырлайды" атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Әдеби кешке мектеп оқушылары мен қатар ұстаздар да қатысты. Сондай-ақ арнайы шақырылған сыйлы қонақтарымызда келді.
⠀    Кеш барысында поэзия жанрындағы өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Кеш соңында қатысушларға "Ақсақалдар тағылымы" қоғамдық бірлестігінің атынан алғыс хаттар табысталды.

Толығырақ

Тәуелсіздік күні

     Táýelsіzdіk kúnіne oraı, gımnazııamyzda bіrqatar іs-sharalar bastaý aldy. Aldymen ár synyp tárbıeshіlerі oqýshylarymen tárbıe saǵattaryn ótkіzse, keıіn májіlіs zalynda ustazdarymyzdyń qatysýymen merekelіk kesh uıymdastyryldy. Aıta ketelіk, bul keshte jeltoqsan alańynda eldіń bolashaǵy úshіn bas kótergen bozdaqtardyń esіmderі ulyqtalyp, bіr mınýttіk úzіlіs jarııalandy. Sondaı-aq J.Aımaýytov atyndaǵy qazaq mýzykaly drama teatrynyń ártіsі Beıbіt Shánіp kelіp, Muhtar Shahanov aqyn aǵamyzdyń ádemі týyndysynan tartý ettі.
__________________________________
     Тәуелсіздік күніне орай, гимназиямызда бірқатар іс-шаралар бастау алды. Алдымен әр сынып тәрбиешілері оқушыларымен тәрбие сағаттарын өткізсе, кейін мәжіліс залында ұстаздарымыздың қатысуымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Айта кетелік, бұл кеште желтоқсан алаңында елдің болашағы үшін бас көтерген боздақтардың есімдері ұлықталып, бір минуттік үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының әртісі Бейбіт Шәнім келіп, Мұхтар Шаханов ақын ағамыздың әдемі туындысынан тарту етті.

Толығырақ

"Тәуелсіздік тұғырым" челленджі

Қасиетті қара шаңырақ Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға облыстық қазақ гимназия интернаты "Тәуелсіздік тұғырым" челленджін "Жас дарын" мамандандырылған мектебінен қабыл алып, білім инновация лицейіне жолдайды.
---
Тәуелсіздігіміздің көк туы желбірей берсін...

Толығырақ

Тұңғыш Президент күні

     1 jeltoqsan - Tuńǵysh Prezıdent kúnі qarsańynda gımnazııamyzda 18-synyp arasynda tárbıe saǵattary uıymdastyryldy. Elbasymzydyń ustanǵan saıasaty men jasaǵan ıgі іsterі aıtylyp baıandamalar oqyldy. Sondaı-aq mádenıet, tіlderdі damytý jáne arhıv іsі basqarmasynyń basshysy Dáýenov Ernur Nurlanuly kelіp, tárbıe saǵattaryna qatysty. Kezdesý barysynda oqýshylarǵa Elbasymyzdyń elge etken eren eńbekterіn tіlge tıek ete otyra, el bolashaǵy jastardyń qolynda ekendіgіn aıtty.
________________________________

     1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында гимназиямызда 18-сынып арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Елбасымзыдың ұстанған саясаты мен жасаған игі істері айтылып баяндамалар оқылды. Сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы келіп, тәрбие сағаттарына қатысты. Кездесу барысында оқушыларға Елбасымыздың елге еткен ерен еңбектерін тілге тиек ете отыра, ел болашағы жастардың қолында екендігін айтты.

Толығырақ