«Қазақстанда жасалған» тақырыбында дебат-пікірталас сайысы
8-10 сынып оқушылары арасында «Қазақстанда жасалған» тақырыбында дебат-пікірталас сайысы өтті.
⠀
Ұлттық мектепішілік футбол лигасының жеңімпаздары
Ұлттық мектепішілік футбол лигасының жеңімпаздары. Сонымен қатар, "Ұлттық мектепішілік қыздар волейбол лигасы" аясында өткізілген волейбол ойынына белсенді қатысып, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда зор үлес қосқандары үшін ағылшын тілі пәні мұғалімі: Жангабулова Ж.Е., биология пәнінің мұғалімі: Ардагелдіқызы А., 11-сынып тәрбиешісі: Атамбекова Г.Т., 7«ә»-сынып жетекшісі:Бораналина Г.К., Назриденова Ж.Б., 9«б»-сынып жетекшісі: Исина Ж. М. марапатталды.
«Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясы
Экологиялық мәдениет деңгейін көтеру, өсіп келе жатқан ұрпақтың ортасында өзінің әлеуметтік маңыздылығын, қайырымдылық сезімін қалыптастыру мақсатында «Жақсылық жаса» пластикалық қалпақшаларды жинау акциясына мектебіміздің оқушылары қатысып, белсенділік танытуда.
«Ең әдемі киім - ұлттық киім» атты үндеу
Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында «jebe» қоғамдық бірлестігі «Ең әдемі киім - ұлттық киім» атты үндеу жариялаған болатын.
⠀
«JEBE» қоғамдық бірлестігінің жариялаған үндеуі өңір жұртшылығын наурыздың 1-нен 31-не дейін күнделікті көйлек, жейде, костюмдерін ұлттық нақышы бар киімге алмастыруға шақырды.
⠀
Біз де өз тарапымыздан үндеуге үн қосып гимназия ұжымы мен оқушылары күнделікті киім орынына қазақы шапан киіп жебеліктердің қазақы болмысымызды қайтаруға деген құлшынысын қолдадық.
8”б”-сынып оқушылары “Әке мен бала” әңгімесінен театрландырылған қойылымы
Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орайластырып гимназиямыздың 8”б”-сынып оқушылары “Әке мен бала” әңгімесінен театрландырылған қойылымды назарларыңызға ұсынбақ.
⠀
«Суреттер сөйлейді» атты Ыбырай Алтынсарин өлең шығармашылық еңбектеріне иллюстрациялық сурет салу сайысының қорытындысы
«Суреттер сөйлейді» атты Ыбырай Алтынсарин өлең шығармашылық еңбектеріне иллюстрациялық сурет салу сайысының қорытындысы
“Даланың дара ұстазы - Ыбырай Алтынсарин” атты тәрбие сағаты
ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтау
⠀
Сіздерді ҚР Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
⠀
Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілейміз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
⠀
Еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында гимназиямыздың 5-сынып оқушылары Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды.
⠀
Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсіміне қатысқан мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп Жас Ұландықтарды оқуда озат болуға шақырды.
⠀
Ұйым қатарына жаңадан қабылданған оқушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, еңбекте адал болуға ант беріп, рәсім жасады.
⠀
Айта кетейік, аталған ұйым жасөспірім оқушыларды жоғары рухани адамгершілікке, өз елін, өз отанын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейді.
“Бір ел - бір отбасы” қашықтық байқауының жеңімпаздары Асығатұлы Шыңғыс пен Тұрғанбек Асығат
“Бір ел - бір отбасы” қашықтық байқауының жеңімпаздары Асығатұлы Шыңғыс пен Тұрғанбек Асығат
