ҚАЗАҚИ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мақсаты бүгінгі таңда оқушы мәртебесінің мазмұнына, талабына сай келерлік өреден шығудың бірден-бір жолы - әр студенттің жан дүниесінің құлқын (cyбъeктiciн) зерделей, зерттей отырып, оның ыңғай-біліктілігін, қабілетін, icкepлігін өркендетуді жүзеге асыру.
Қалыптасып қалған кәсіптік дәстүрлермен бүгінгі қарым-қатынас барысында кездесетін қарысып қалған қиыншылықтар мен қайшылықтарды шеше қою оңай ic емес. Ол - өлшеп-пiшyre мұршаны келтірмейтін, кездейсоқ сәттердегі әртүрлі шытырман жағдайларын (ситуациялардың) шиеленіп қалған түйінін шешерлік кәсіби шеберлік пен өнерді меңгеру, яғни үнeмi өзгеріп отыратын ic-әрекеттерге ғылымның жаңа теориялық тәжірибешілік жетістіктерін орынды қолдана білу. Мұндай тұлғалық, даралық қасиеттерге жету тек ойлау әрекетін танымдық (когнитив) пен ішкі, сыртқы қозғаушы күштердің даму үйлесімінің қызметіне негіздей құрылып әр оқушының (индивид) өз-өзіне сынмен қарауды дағдыға айналдырып, іскерлігін дамытып, шығармашылық қабілетін үнемі, үздіксіз толықтыруға бағыт беру барысында жүзеге асары сөзсіз. Жұмыстың мұндай жүйесі әр оқушының назардан тыс қалмауына мүмкіндік туғызады. Олай болса, біздің бағдарламамыз барлық ғылыми салаларының мазмұны арқылы әр студенттің ойлау әрекетінің шама-шарқына сәйкес қазақи ұлттық тәрбиеден білімді дамытыла жүргізілетін жүйесіне бағындырыла құрылады.
Білім берудің көкейкесті мәселелері
Оқытудың ұтымды технологияларын пайдалану - оқушының тұлғалық болмысын сомдау құралы. Оқу орнының жоғарыда таңдап алған қазақи ұлттық тәрбиенің салаларының мазмұндары арқылы шешуді көздейді.
а) әдебиет, тарих, тіл пәндері арқылы әр студенттің әлемдік деңгейдің (иерархия) кісілік, адамилық өренің дамуы үшін діңгек болар интеллектуалдық шыңын (кульминация) өзіне мұрат (идеал) ете білу қабілеттерін өркендетуге пайдалану;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілінде және ұлтаралық тіл - орыс тілінде еркін сөйлеу;
- әлемдік интеллектуалды меңгеру мақсатында шет тілдерінің лексикалық минимумын білу;
- өзінің әрекетінде кәсіптік лексиканы сауатты пайдалану;
ә) математика-экономика, жаратылыстану-әлеуметтану арқылы әр оқушының бойында қоғамдық даму процестеріне еліміздің дәулетін байыту үшін математика ілімінің техникасын меңгеруге ғылыми көзқарасты дамыта білу, оларды әлеуметтік-экономикалық саясатты оқып-үйренуге баулу, мемлекеттік құрылыстың заңдылықтарын, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, жалпы заң негіздерін білу, білім туралы заңын игеру, мұның бәpi әp оқушының әлемдік деңгейдің кісілік, адамилық өренін дамуы үшін діңгек болары әлемдік өpicтің интеллектуалдық шыңын өзіне мұрат ете білу қабілеттерін шыңдауға пайдалану, оны ұлттық мүддеге бағамдау:
б) дене шынықтыру саласында:
- салауатты өмip салтын игеру;
- оқушылардың жасына сәйкес физиологиялық ерекшеліктерін білу;
- спорттың барлық түрлерінен нормативтерді білу.
Білім мен тәрбие беретін оқу орнының мақсаты, міндеттері мен қызметі
Оқу орнының ұлттық тәрбие негізінде туындаған көкейкесті мәселелерін шешу үшін педагогтық ұжымның алға қойған мақсаты: әдістемелік сұхбаттарда, ғылыми кеңестерде кісіліктің, адамилықтың, тұлғалықтың даму желісіне бағдарлайтын, әр оқушының ойлау әрекетін толықтырып отыруға мүмкіндік болатын, соңғы нәтижелерде қол жеткізетін технологияларды диагностика негізінде меңгеру.
