Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Мектебімізден оқушылар олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Жалпы қатысқан 26 команда ішінен біздің мектеп “Ең үздік олимпиадалық команда-2025” номинациясы бойынша марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2025 жылдың 5-9 қаңтар аралығында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Мектебімізден оқушылар олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Жалпы қатысқан 26 команда ішінен біздің мектеп “Ең үздік олимпиадалық команда-2025” номинациясы бойынша марапатталды. 11 сынып оқушысы Алигожина Даянаға Ә.Марғұлан университетінің оқу гранты табысталды. Оқушыларды білім сайысына дайындап білім берген ұстаздарына және оқушыларлың жетістікке жетуіне қолдау көрсеткен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Хабидуллаева Аружан-I орын, қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып (Ахметова Г.К.)
Тулеу Назира-I орын, қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып (Зылгарин Н.М.)
Мұсайлла Айзере-I орын, Қазақстан тарихы 8(9) сынып (Болат С.А.)
Кәрімжан Дәрия-II орын, ағылшын тілі 9 сынып (Жангабулова Ж.Е.)
Ахмет Даяна-II орын, ағылшын тілі 10 сынып (Искакова Д.С.)
Алигожина Даяна-II орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 11 сынып (Бекенова К.К.)
Бейсембаева Аружан-II орын, құқық негіздері 9 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Закерия Мұртаза-II орын, құқық негіздері 10 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Сатенова Фарида -II орын, қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып (Окпина Б.М.)
Хамзин Мади-III орын, Қазақстан тарихы 10 сынып (Болат С.А.)
Темірболат Алуа-III орын, Қазақстан тарихы 10 сынып (Болат С.А.)
Төкен Елжас-III орын, математика 9 сынып (Ергалиева М.С.)
Игілік Ақерке-III орын, құқық негіздері 10 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Сагындыкова Сабина-III орын, құқық негіздері 11 сынып (Кәрімжан Ж.Т.)
Оразалы Нұрия-III орын, химия 9 сынып (Рысқұлбек М.Е.)
Кунанбаев Қуаныш-III орын, география 10 сынып (Болтаев А.А.)
Абылғазы Ернар-III орын, математика 10 сынып (Амренова А.С.)
Турганова Айым-III орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 9 сынып (Бекенова К.К.)
Абдираимова Алтынай-III орын, қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып (Касыбаева М.Б.)
Байбазарова Камила-III орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 9 сынып (Бекенова К.К.)
Арабданова Назерке-III орын, қазақ мектептеріндегі орыс тілі 10 сынып (Бекенова К.К.)
Ардагелдіқызы Ақжан-III орын, ағылшын тілі 11 сынып (Искакова Д.С.)
____________________________________________________________________________________________________________________________
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат пен Cyberpack компаниясы арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандум
2025 жылғы 27 ақпанда гимназиямызға білім алған оқушылар келіп,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернат пен Cyberpack компаниясы арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды. Бұрыңғы интернат оқушылары қазіргі таңда ІТ стартапшылар, Қазақстан көлемінде STEM роботехника бағытында жұмыс жасап жүрген азаматтар. Бұл меморандум екі тараптың серіктестігін нығайтуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
Ақтөбе қаласында өткен Республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математика бағыты бойынша жүлделі орынға ие болған оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
”Математика”секциясы бойынша:
III дәрежелі диплом
Болатов Ильяс - 11 сынып
Жусупов Даниял - 11 сынып
«Zhuldyz Art Kazakhstan» көпжанрлы халықаралық байқауы
Гимназиямыздың өнерлі оқушыларынан құралған “Алау” тобы «Zhuldyz Art Kazakhstan» көпжанрлы халықаралық байқауына қатысып, “Вокал” номинациясы бойынша ????орынды жеңіп алды. Оқушыларымызға Түркия, Дубай, Ташкент, Қырғыстан (Ыстықкөл) елдеріне жолдама табысталды.
2-7 сынып оқушылары арасында ХХ «Зерде» республикалық конкурсы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында ұйымдастырған 2-7 сынып оқушылары арасында ХХ «Зерде» республикалық конкурсы Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» орталығында өтті. Байқауға жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика, физика, химия, биология, информатика, робототехника, STEM инженерия және басқа секциялар бойынша 265 оқушы 212 жобамен қатысты. Нәтижесінде 5-сынып оқушылары Құрманбай Ернұр мен Төлеубек Музаффар ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Амренова Айнагуль Сарсембаевна.
“Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионатының облыстық кезеңі
2025 жылғы 29 қаңтарда “Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа 53 команда, құрамында 106 оқушы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша гимназиямыздың атынан қатысқан Борамбай Али мен Амирханов Бижан (жетекшісі Уалқан Еркебұлан) “Мерген” санаты бойынша II дәрежелі дипломды иеленді.
First Astana Championship Солтүстік аймақтық роботехника жарысы
Оқушыларымыз 25-26 қаңтарда Астана қаласында өткен First Astana Championship Солтүстік аймақтық роботехника жарысына қатысып жеңімпаз атанды. Жеңізпаздарға 20-23 ақпанда өтетін Орталық Азия Халықаралық кезеңіне жолдама берілді.
«Қала-ауылға» инновациялық жобасы
«Қала-ауылға» инновациялық жобасы аясында 17 қаңтар күні Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мен Баянауыл ауданының білім бөліміне қарасты мектептердің ұстаздарымен «Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындау жүйесі» тақырыбында онлайн конференция ұйымдастырылды.
8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық Шәкәрім оқулары
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық Шәкәрім оқуларының нәтижесі:
Ерсін Асылбек- I орын
Қайролла Арайлым- I орын
Алғыс Хат - Ардагелдіқызы Ақжан
_____________________________________________________________________________________________________________________________