“Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионатының облыстық кезеңі
2025 жылғы 29 қаңтарда “Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Robotek Grand Tournament” республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті. Жарысқа 53 команда, құрамында 106 оқушы қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша гимназиямыздың атынан қатысқан Борамбай Али мен Амирханов Бижан (жетекшісі Уалқан Еркебұлан) “Мерген” санаты бойынша II дәрежелі дипломды иеленді.