«Бір ел – бір кітап» акциясына арналған «Ақылы – асыл, аты – аңыз». Дулат Бабатайұлы «Өсиетнама» атты тәрбие сағаты
2016 жылдың 23 қыркүйегінде гимназияның кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған «Ақылы – асыл, аты – аңыз». Дулат Бабатайұлы «Өсиетнама» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына 9-11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырыпсалма ақын, ойшыл, талантты тұлға Дулат Бабатайұлының шығармашылығын кеңірек насихаттау. Оқырмандардың тіл шеберлігін, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, туған жерінің елжанды азаматы болуға, имандылыққа, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
«Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты тәрбие сағаты
2016 жылдың 15 қыркүйегінде гимназияның кітапханасында «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына 7-сынып оқушылары мен шақырылған қонақтар қатысты. Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
"Кітапты сүюшілердің бәсекесі" атты кітапханалық сабақ
2016 жылдың 9-қыркүйегінде гимназия кітапханасында «Кітапты сүюшілердің бәсекесі» атты Кітапханалық сабақ өтт. Сабаққа 5-сынып оқушлары қатысты. Мақсаты: оқушылардың кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру,кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту, жазушылар жайлы кеңірек мағлұмат білуге ықпал ету болып табылады.
АҚЫН ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ «ДАУА» АТТЫ ШЫҒАРМАСЫНА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ
2013 жылы қазан айының он жетісі күні мектебімізде «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы бойынша көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты шығармасына арналған поэзия кеші өтті.
«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлғалардың бірі, ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романына арналған әдеби кеш болып өтті.
ДӘМЕТКЕН ҚАРАШАШОВНАМЕН КЕЗДЕСУ

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Дәметкен Қарашашовнаның кітап тұсаукесеріндегі кездесу.
