«Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты тәрбие сағаты
2016 жылдың 15 қыркүйегінде гимназияның кітапханасында «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына 7-сынып оқушылары мен шақырылған қонақтар қатысты. Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің реформаторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, таза қазақ емлесімен шыққан газет «Қазақтың» (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, көрнекті ақын, аудармашы, публицист-журналист, ірі қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы...
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Әдебиет танытқыш Ахмет Байтұрсынұлы - СкачатьСмотреть ">жүктеу.

