Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ

«Бір ел – бір кітап» акциясы

 

     Қыркүйек айында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлғалардың бірі, ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романына арналған әдеби кеш болып өтті. Кешке 5-11- сынып оқушылары қатысты. 
Бүгінгі қоғам бар керегін интернетттен тауып, кітап оқудан мүлдем ада болып бара жатыр. Сондықтан Қазақстаннның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ф.Оңғарсынованың төрағалығымен елімізде «Бір ел -бір кітап» акциясын өткізу қолға алынды.
 
     Әдеби кешті өткізудегі мақсатымыз- ХХ ғасырдың басында алмасқан қоғамдық құрылыстар жіктеген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол заманның шындығын әдебиет әлемінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгерлердің бірі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақтың әдеби – эстетикалық танымын дамыту. Ұлттық құндылықтарды дәріптей білуге баулу.
 
Міндеттері:
 
*Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы, «Ақбілек» романы жайлы мәлімет дайындау;
 
*Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд;
 
*«Ақбілек» романынындағы заман көрінісі;
 
*Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі мен І. Жансүгіровтің «Әнші» өлеңін салыстырмалы талдау;
 
*«Ақбілек» романы бойынша Ақбілектің, Бекболаттың, офицердің, Мұқаштың монологтарын оқу;
 
*Романнан үзінділерді жатқа оқу;
 
*Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» және «Ақбілек» романдарындағы тұрақты тіркестердің қолданысы (картотека)
 
    Бұл акция еріккеннің ермегі емес, кітап оқымайтын заманда тым болмаса бір кітапты ел болып оқып, талқылайық деген ниетпен оқырмандардың санасын ояту, кітап деген рухани байлықтың бар екенін еске салу, насихаттау. Ендеше, болашақта кітап оқуға бәріміз де ат салысайық!