АҚЫН ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ «ДАУА» АТТЫ ШЫҒАРМАСЫНА АРНАЛҒАН ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТТІ
Қазанның он жетісі күні мектебімізде «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы бойынша көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты шығармасына арналған поэзия кеші өтті. Кешті ұйымдастырған мектебіміздің кітапханашылары. Бұл кешке 6 «а»- сынып оқушылары жауапты болды.
Кешті мектеп оқушылары Ф.Оңғарсынованың шығармаларымен ашты. Жазушының жеке өмірімен таныстыру барысында көрермендерге бейнефильм көрсетілді. Фариза ақынның өлеңдерін оқушылар нақышына келтіріп оқыды. №17 қалалық кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырып, кітапхана меңгерушісі Жармағамбетова Алмагүл Қонақбайқызы таныстырып өтті. Кешті мектеп кітапханашысы Еркеш Рахметқызы қорытындылап аяқтады.
