Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

«Бір ел – бір кітап» акциясына арналған «Ақылы – асыл, аты – аңыз». Дулат Бабатайұлы «Өсиетнама» атты тәрбие сағаты

 

     2016 жылдың 23 қыркүйегінде гимназияның кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған «Ақылы – асыл,  аты – аңыз».  Дулат Бабатайұлы  «Өсиетнама» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына 9-11 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі суырыпсалма ақын, ойшыл, талантты тұлға  Дулат Бабатайұлының шығармашылығын кеңірек насихаттау. Оқырмандардың тіл шеберлігін, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, туған жерінің елжанды азаматы болуға, имандылыққа, парасаттылыққа,  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

       Сырымды менің сұрасаң,

       Тұманның суық суындай

       Кеудеме қайғы толған соң

       Тынық сумен жуынам

       Сорғалаған нөсердей,

      Жырын тыңда Дулаттың»  – деп ақын жырлағандай, патриоттық кеш  ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, ойшыл - Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналады. «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша зар заман ақындарының арасындағы  жарық жұлдыз – Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болады. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау,  қоғамның оқуға деген ықласын көтеру. 

     Тарих өз бетімен жасалмайды, тарихты қазағым деп күңіреніп өткен, қаламын найза, тілін қылыш қылып күресіп өткен Дулат сияқты тума таланттар жасайды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Бабатайұлы мұрасын танып білу, ақын  жырлары оқу арқылы  ұрпақ санасына ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін  оята отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Дулат ақын ұлт-азаттығын, тәуелсіздікті жырлаған.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығығы аясында, «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша өткізіліп жатқан Д.Бабатайұлының шығармашылығына арналған патриоттық кеші осымен аяқталды. Өзі өлсе де, артына өшпес мұра қалдырған ақын шығармашылығы ұрпаққа үлгі-өнеге.