"Кітапты сүюшілердің бәсекесі" атты кітапханалық сабақ
2016 жылдың 9-қыркүйегінде гимназия кітапханасында «Кітапты сүюшілердің бәсекесі» атты кітапханалық сабақ өтт. Сабаққа 5-сынып оқушлары қатысты. Мақсаты: оқушылардың кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық білімдерін әрі қарай толықтыру,кітапты ұқыпты ұстау және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту, жазушылар жайлы кеңірек мағлұмат білуге ықпал ету болып табылады. Бәсеке 4 белестен тұрды: 1-Кітаптың шығу тарихы; 2-«Кітаптың ата-аналары»; 3-«Кітаптың құрылысы»; 4-«Кітап, білім,жазу жайлы халық даналығы».
Бәсекенің өту барысы
Бәсекенің бірінші белесі. Кітаптың шығу тарихы.
Адамзат қағаз ойлап тапқанша жазу үшін қандай заттарды пайдаланды, алғашқы әліпбиді ойлап тапқан адам, қазақ әліпбиінің атасы кім, қай ғасырда қағазды ойлап тапты, Кітап апталығы қашан тойланады т.б. сұрақтар төңірегінде болды.
Екінші белес: «Кітаптың ата-аналары»
Бұл белесте кітапты жазатын жазушылар мен ақындар жайлы мәліметтерді білулеріміз керек. Мысалы, қазақ жазушыларының арасында фамилиялары,аттары бірдей қандай ақын-жазушыларды, өнер, қоғам қайраткерлерін білесіңдер?
Үшінші белес. «Кітаптың құрылысы» Бұл белесте кітаптың құрылысы жайлы: кітаптың мұқабасы, кіріспе, соңғы сөз, кітаптың шрифі т.б. Олардың атқаратын ролі жайлы.
Төртінші белес. «Кітап, білім, жазу жайлы халық даналығы». Осы тақырып бойынша ең көп мақал-мәтел айтқан оқушылар марапатталды.

