Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Сенім телефоны

Сенім телефоны

Толығырақ

Телефон доверия - Сенім телефоны

БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ CALL-CENTR ОРТАЛЫҒЫ:

65-00-60

Толығырақ

10 қазан - Дүниежүзілік психологиялық денсаулық сақтау" күні

"10 қазан - Дүниежүзілік психологиялық денсаулық сақтау" күніне орай мектеп оқушыларымен "Психологиялық денсаулықты қалай сақтау керек?" атты психологиялық тренинг өткізілді.

Оқушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсінуге, өз бойындағы жағымды қасиеттерін білу, психикалық денсаулықты сақтауға бағытталған ұсынымдар айтылды.

Сонымен қатар "Көңіл-күй көтеріңкі болуы үшін не істеу керек?" туралы ұсыныстар берілді.

Толығырақ

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Педагог-психолог: А. Байсадуова

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

- Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

 

Күн тәртібі:

күнді үш бөлікке бөл;

Тестке күніне 8-сағат дайындық;

Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;

8-сағаттан кем ұйықтама;

2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:       Күніне  3-4 рет витаминге толы тағамдармен  тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Толығырақ

5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ

«5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ»

 

Педагог-психолог: А. Байсадуова

 

      Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді.

     Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады.

     Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.

     Оқытудың шарттарның күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады.

 

Толығырақ

Мұғалімдерге кеңес:

Мұғалімдерге  кеңес:

Педагог-психолог: А. Байсадуова

Біздің міндетіміз -  балаларға,   мұғалімдер ата-аналармен бірлесе отырып, түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтар болсақ, оның білімді  меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері нормадан төмен келеді. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі болады.

Олар: басынан өткерген аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады.

Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары - интеллектуалды деңгейі,  көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы,  ойлауы, кеңістікті бағдарлауы нашар болып келеді.

 

Толығырақ

Ата-аналар үшін жадынама

Ата-аналар үшін  жадынама

Педагог-психолог: А. Байсадуова

  1. Ертең балаңыз ұйқыдан оянғанда оған: «Қайырлы таң!» деңіз де жауап күтпеңіз. Жаңа күнді ұрыс-айқайсыз, көңілді бастаңыз.
  2. Балаңызға ұрысқан кезде «Сен әрқашан», «Сен ылғи», «Сен мәңгілік» деген сөздерді айтпауға тырыс. Сіздің балаңыз әрқашан, ылғи, мәңгі жақсы, бүгін ғана кемшілік жіберді. Осы туралы оған айт.
  3. Баламен ұрысып айырылыспаңыз. Міндетті түрде татуласыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызға кетіңіз
Толығырақ

СЫНЫП тәрбиешілер МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҰСЫНЫСТАР

СЫНЫП тәрбиешілер МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҰСЫНЫСТАР

Педагог-психолог: А. Байсадуова

 

  1. Тапсырманың қиындығын обьективті және субьективті бағалауға үйрету; 
  1. Берілген тапсырманы қорытындылап, нәтижесін шығарған соң, балаға нақты бағасын қою (асырмай, түсірмей);
  2. Тест бойынша «спиральді қозғалыс» әдісіне үйрету; 
Толығырақ

Сенім телефоны

Сенім телефоны

Толығырақ