Ата-аналар үшін жадынама
Ата-аналар үшін жадынама
Педагог-психолог: А. Байсадуова
- Ертең балаңыз ұйқыдан оянғанда оған: «Қайырлы таң!» деңіз де жауап күтпеңіз. Жаңа күнді ұрыс-айқайсыз, көңілді бастаңыз.
- Балаңызға ұрысқан кезде «Сен әрқашан», «Сен ылғи», «Сен мәңгілік» деген сөздерді айтпауға тырыс. Сіздің балаңыз әрқашан, ылғи, мәңгі жақсы, бүгін ғана кемшілік жіберді. Осы туралы оған айт.
- Баламен ұрысып айырылыспаңыз. Міндетті түрде татуласыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызға кетіңіз
- Бала мектептен келгенде одан: «Сені тақтаға шығарды ма? Қандай баға алдың?» деп сұрайды. « Мектепте бүгін қандай қызық болды?- деп сұраған дұрыс.
- Бала отбасы тұратын үйге келуге асығыс болуы керек. Сондықтан үйге келгенде әрқашан: «Біздің үйіміз бәрінен де жақсы ғой» -деп айтыңыз.
- Егер балаңызға: «Өтірік айтпа, соқпа» дегіңіз келсе, езу тартып күлмдеңізде: «Біреу өтірік айтып тұр»-деңіз.
- Балаңызға психологиялық денсаулықтың ескі қағидасы: «Сен жақсысың, бірақ басқадан артық емессің» дегенді жаттатқыз.
- Балаға айтыңыз: «Сәнді болма – сыныпта сәнқойларды жақсы көрмейді. Лас болма – оларды да жақсы көрмейді. Тек ұқыпты, жиңақы бол».
- Біз ересектер түнде демаламыз, ал бала жұмыс істейді, ол өседі. Таңертең ол тұрғанда оны тамақтандыр.
10.Бала далаға кетерде оны есікке дейін шығарып сал да: «Асықпа, сақ бол!»- деуді бала үйден неше рет шықса, сонша рет қайтала.
- Бала үйге оралғанда оны әрқашан есік алдында қарсы ал. Бала оның үйге келуіне қуанатынын білуі керек, тіпті кейде кінәлі болып қалса да.
- Сіз балаңыз туралы бәрән білуге міндетті болсаңыз да ешқашанда баланың портфелін, қалтасын қарамаңыз.
- Қанша шаршасаңыз да балаңызға шаршағаныңызды білдірмеуге тырысыңыз. Наразылық білдірсеңіз, балаңызды да наразылыққа үйретін, аяныш білдіруден айырасыз. Бала өзін аяғаннан гөрі басқа адамды, туған-туыстарын аяюды үйренген жөн.
- Ұлыңыз немесе қызыңызбен бәсекелескенде олардың да көңіліне қараңыз. Сіздікі әрқашанда дұрыс, ал олардікі ылғи бұрыс болып жүрмесін. Балалар өздерінің кінәсін мойындап, кемшіліктерін түсінуге үйренеді.