СЫНЫП тәрбиешілер МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҰСЫНЫСТАР
СЫНЫП тәрбиешілер МЕН МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҰСЫНЫСТАР
Педагог-психолог: А. Байсадуова
- Тапсырманың қиындығын обьективті және субьективті бағалауға үйрету;
- Берілген тапсырманы қорытындылап, нәтижесін шығарған соң, балаға нақты бағасын қою (асырмай, түсірмей);
- Тест бойынша «спиральді қозғалыс» әдісіне үйрету;
- Оқушыға өз-өзің ұстай білудің өзі өнер екендігін ұғындыру;
- Оқушының қабілетіне сай тапсырмалар бере отырып, баланың психикасын тұрақтандыру;
- Оқушының маужыраңқы күйден арылуға, тез жинақталуға, өзіне деген сенімділігін арттыру;
- Оқушылардың организмі сақтандыру шегіне сүйенеді, нерв жұқару жүйесінің болдырмауына, басты жұмсалған шығынды өнім энергиясына, өзімен күресуді, өз еңбегімен, өз мінез-құлығымен, өзінің жағдайымен күресуге үйрету;
- Уақытты үнемдеп, тез ойлауға, шапшаңдылыққа үйрету;
- Танымдық процестерін (ойлау, есте сақтау, зейін қою қабілеттері) дамыту;
- Оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын ояту;
- Оқу мотивациясын арттыру;
- Оқушыға қандай да шағын (кішкентай) жаңалық ашуына мүмкіндік беріңіз;
- Есіңізде болсың!Бала- толығымен кемшіліктерден, денқойлықтардан және жолы болмаушылықтарынан тұрмайды.
- Үздік немесе үлгермейтін, шапшаң немесе баяу, жеңіл немесе ауыр мінезді кез-келген бала өзіне тән сүйіспеншілікке, сыйластыққа және бағалауға лайық.
- Барлық жоғары талапты мақтаудан бастаған жөн.
- Эмоционалдық жағдайы қаншалықты жоғары деңгейде болса оқуда соншалықты мүмкіндігі мен табысқа жетеді.