Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған

облыстық қазақ гимназия-интернаты

Қаз Рус

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Ата-аналарға психологиялық кеңес

                          

Педагог-психолог: А. Байсадуова

 

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары

Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

- Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

 

Күн тәртібі:

күнді үш бөлікке бөл;

Тестке күніне 8-сағат дайындық;

Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;

8-сағаттан кем ұйықтама;

2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:       Күніне  3-4 рет витаминге толы тағамдармен  тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

Тестке 1-күн қалғанда

  1. Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айпаңыз.
  2. Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыз.
  3. Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.
  4. Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз,  керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.
  5. Таза ауада достарыңмен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.
  6. Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.
  7. Балаңызды ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Тест күні

  1. Тест күні балаңыздан бұрын тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.
  2. Суық суға жуынуын, гимнастикалық  жаттығулар жасауын қадағалаңыз.
  3. Жеке куәлігін, рұқсат қағазын, қара қаламын ұмытып кетпеуін қадағалаңыз.

Тест күнгі тамақтану үлгісі:

  1. Аса майлы тамақ жеуге болмайды және  мүлдем тамақтабауғада болмайды.
  2. Қатты қобалжығандықтан, балаңызда тәбеті болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.
  3. Жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

Тест күнгі психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

       Таңертең балаңызбен бірге барыңыз, қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз. Тесттен кейін жылау,  ашулану, тұйықталу сияқты әртүрлі мінез-құлық көрсетуі мүмкін. Тест нәтижесін көрмей қобалжудың орынсыз екенін ескертіңіз.Орынсыз ескертпелер айтпаңыз, мұның соңы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін. Тест нәтижесін хабарлағанда қасында болыңыз. Сіз күткен нәтижеге сәйкес келмесе де сабырлылық танытып, қолдау көрсетіңіз. Ендігі өмірінің сәтті болуына тілек білдіріңіз.

Балаларыңызда тестте кездесетін қиындықтар.

  1. Психологиялық қобалжудың жоғарылауы
  2. Есте сақтаудың төмендеуі
  3. Сұрақты соңына дейін оқымауы
  4. Нұсқаларды толтыруда шатастыруы
  5. Уақытты дұрыс пайдалана алмау
  6. Ойын жинақтай алмау, шашыраңқылық
  7. Ұялы телефон, шпоргалка қолдануда комисия мүшелеріне ұсталу
  8. Қосымша құралдармен жұмыс істеп, білетін сұрақтардың өзін белгілемейді.
  9. Жүрек айну, іш ауру