Мұғалімдерге кеңес:
Мұғалімдерге кеңес:
Педагог-психолог: А. Байсадуова
Біздің міндетіміз - балаларға, мұғалімдер ата-аналармен бірлесе отырып, түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтар болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері нормадан төмен келеді. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі болады.
Олар: басынан өткерген аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады.
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары - интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы нашар болып келеді.
- Оқушыға дауыс көтеріп, қатты сөздер айтуға болмайды;
- Сіздің жағыңыздан оқушыға деген сүйіспеншілік сезімі мен көңіл бөлуіңіз жоғары деңгейде болу қажет;
- Басқа адамдар көзінше оны мұқатып, кемсітуге болмайды;
- Оқушыңыздың оқу процесін қатаң қадағалаңыз.(Себебі, олардың осы ауруларға шалдығуы сабақ үлгермеушілікке, тәртіп бұзуға себеп болады.)
- Мұғалімнің, яғни сіздің әрбір сөйлеген сөзінің, әр қылығының оқушының ауытқуы мен тәрбиесінде маңызы бар екенін әрқашан есте ұстап отырыңыз.
- Оқушыңыздың бос уақыттарында қоғамдық жерлерде, далада өзің қалай ұстайтынын біліп жүріңіз;
- Оқушыңыздың мектептегі табыстарымен, тәртібін қадағалап, біліп жүріңіз;
- Өз оқушыңызды сыныптарының жақсы тани білуіне өз үлесіңізді қосыңыз;
- Оқушыңыз әрқашан көңілді, қуанышты болсын десеңіз, оның мұңаюына кедергі жасаңыз;
- Оқушыңызға қандай да шағын (кішкентай) жаңалық ашуына мүмкіндік жасаңыз;
- Оқушыңызға деген сеніміңізді көрсетуге ешқашан қорықпаңыз;
Есте сақтаңыз: Оқушыға әрқашан түсіністікпен қарау қажет.
Мұғалім оқушының екінші анасы!